Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 25 тамыз 2026 $ 457,3 533,4 5,45
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Мемлекет басшысы ақын Марфуға Айтхожаны 90 жасқа толуымен құттықтады Санжар Тәшкенбай кәсіпқой бокстағы дебютінде чемпиондық белбеуге таласпақ Шығыс Қазақстанда ақша бопсалаған 23 жастағы күдікті ұсталды «Кенжештің жағдайын сұрадым»: Сәкен Майғазиев әріптесінің денсаулығынан хабар берді Алматыда тұрғын үй өртеніп, бір әйел қаза тапты BI Group салған үйде терезе сынып, әйнек адамдардың үстіне жауды Мемлекет басшысы ақын Марфуға Айтхожаны 90 жасқа толуымен құттықтады Санжар Тәшкенбай кәсіпқой бокстағы дебютінде чемпиондық белбеуге таласпақ Шығыс Қазақстанда ақша бопсалаған 23 жастағы күдікті ұсталды «Кенжештің жағдайын сұрадым»: Сәкен Майғазиев әріптесінің денсаулығынан хабар берді Алматыда тұрғын үй өртеніп, бір әйел қаза тапты BI Group салған үйде терезе сынып, әйнек адамдардың үстіне жауды

    BI Group салған үйде терезе сынып, әйнек адамдардың үстіне жауды

    BI Group салған үйде терезе сынып, әйнек адамдардың үстіне жауды

    Фото: видеодан скрин

    Астанадағы BI Group салған Garden View тұрғын үй кешенінде терезе әйнегі сынып, сынықтары көпқабатты үйдің төменгі жағына шашылған, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы. 

    Оқиға кезінде әйнек тұрғындар жүретін аумаққа құлағаны видеодан анық көрінеді, абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ. Оқиғадан кейін ғана қауіпті аумақ қоршалып, жерге түскен әйнек сынықтары тазартылған. BI Group өкілдерінің мәліметінше, мамандар ғимаратта қалған әйнек бөліктерін алып тастап, биіктегі элементтерді қауіпсіз бөлшектеу үшін арнайы техникасы бар қызметкерлерді жұмылдырған. Ал әйнектің не себепті сынғаны әзірге анықталмаған — компания тексеру нәтижесін тұрғындармен талқылайтынын мәлімдеген. Бизнес-класс санатындағы тұрғын үйде мұндай жағдайдың болуы құрылыс сапасы мен тұрғындардың қауіпсіздігіне қатысты сұрақ туғызады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →