Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 10 қазан 2026 $ 453,8↑€ 508,3↑₽ 5,33↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Абай университетінде көшпенділік мәдениетіне арналған халықаралық конференция өтті • Спорт, IT және ғылым: Нұрасыл Медеу KNUS пен Kairu-дың болашақ жоспарын айтты • Түркияда 2026 жылдан бастап 15 жасқа толмағандарға әлеуметтік желіге тыйым салынады • Бельгия королі Филипп пен патшайым Матильда Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді • Жігер Ауыпбаев пен әйелінің TikTok видеолары сынға ұшырады • Ұлттық музейде «Музей – білім беру кеңістігі» семинары өтті • Абай университетінде көшпенділік мәдениетіне арналған халықаралық конференция өтті • Спорт, IT және ғылым: Нұрасыл Медеу KNUS пен Kairu-дың болашақ жоспарын айтты • Түркияда 2026 жылдан бастап 15 жасқа толмағандарға әлеуметтік желіге тыйым салынады • Бельгия королі Филипп пен патшайым Матильда Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді • Жігер Ауыпбаев пен әйелінің TikTok видеолары сынға ұшырады • Ұлттық музейде «Музей – білім беру кеңістігі» семинары өтті •

    Леңгірде 63 жастағы әйелді белгісіз біреулер соққыға жықты

    Түркістан облысының Леңгір қаласында 63 жастағы әйелді белгісіз біреулер соққыға жығып, ұялы телефонын алып кетті. Полиция қылмыстық іс қозғады.

    Леңгірде 63 жастағы әйелді белгісіз біреулер соққыға жықты

    Сурет: turkystan.kz

    Түркістан облысының Леңгір қаласында 63 жастағы әйелді белгісіз біреулер аяусыз соққыға жықты. Бұл туралы turkystan.kz Sputnik Қазақстан тілшісіне сілтеме жасап хабарлайды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Жергілікті тұрғындардың айтуынша, оқиға 22 тамызда сағат 01:30 шамасында болған. Белгісіз біреулер жәбірленушінің үйіне терезе арқылы кіріп, үйде жатқан әйелді ұрып-соққан. Сондай-ақ, оның ұялы телефонын алып кеткен.

    Бұл үйде негізінен жәбірленушінің 82 жастағы анасы мен 52 жастағы інісі тұрады. Ер адам қарызға пайызбен ақша берумен айналысқан. Ал соққыға жығылған әйел Төлеби ауданының тумасы, ол оқиға болған күні анасының қасында болу үшін келген. Інісі сол кезде Дубайда демалыста жүрген.

    Полиция қылмыстық іс қозғады. Түркістан облысының полиция департаментінің мәліметінше, түнгі уақытта белгісіз адамдар тұрғын үйге кіріп, жәбірленушіге дене жарақатын келтірген және ұялы телефонын алып кеткен. Қазіргі уақытта әйелдің жағдайы тұрақты, денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ.

    Полиция күдіктілерді ұстау үшін тергеу және жедел іздестіру іс-шараларын жүргізіп жатыр. Тергеу барысы Түркістан облысы полиция департаменті басшылығының бақылауында.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →