Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 10 қазан 2026 $ 453,8↑€ 508,3↑₽ 5,33↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Спорт, IT және ғылым: Нұрасыл Медеу KNUS пен Kairu-дың болашақ жоспарын айтты • Түркияда 2026 жылдан бастап 15 жасқа толмағандарға әлеуметтік желіге тыйым салынады • Бельгия королі Филипп пен патшайым Матильда Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді • Жігер Ауыпбаев пен әйелінің TikTok видеолары сынға ұшырады • Ұлттық музейде «Музей – білім беру кеңістігі» семинары өтті • Өскеменде түрме аумағына тыйым салынған зат лақтыруға әрекет жасалды • Спорт, IT және ғылым: Нұрасыл Медеу KNUS пен Kairu-дың болашақ жоспарын айтты • Түркияда 2026 жылдан бастап 15 жасқа толмағандарға әлеуметтік желіге тыйым салынады • Бельгия королі Филипп пен патшайым Матильда Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді • Жігер Ауыпбаев пен әйелінің TikTok видеолары сынға ұшырады • Ұлттық музейде «Музей – білім беру кеңістігі» семинары өтті • Өскеменде түрме аумағына тыйым салынған зат лақтыруға әрекет жасалды •

    Атырау облысында жүкті әйел күйеуінің зорлығынан зардап шекті

    Атырау облысы Индер ауданында жүкті әйел күйеуінен жәбір көріп, ауруханаға түсті. Оқиғаның мән-жайы және әйелдің жағдайы туралы мәлімет.

    Атырау облысында жүкті әйел күйеуінің зорлығынан зардап шекті

    Сурет: turkystan.kz

    Атырау облысының Индер ауданында 32 жастағы үш баланың анасы төртінші сәбиіне аяғы ауыр кезінде күйеуінен жәбір көрген. Ол көршісінің үйіне қашып барып, жедел жәрдем шақыртқан. Қазір ол ауруханада ем алуда, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Телеарна тілшісінің хабарлауынша, жүкті әйел Ақбөбек Оразбаева Атырау облысы Индер ауданы ауруханасында жатыр. Ол сол түні болған оқиғаны көзіне жас алып еске алды. Оның айтуынша, күйеуі бұрын да қол жұмсап келген, бірақ ол уақыт өте келе түзелер деп кешіріп жүрген. Бұл жолы мас болып келіп, екі рет ұрған. Бас пен құлақ шыңылдап, балалары қорқып оянған. Ол өліп қалуы мүмкін екенін түсініп, көршісіне қашып, жедел жәрдем шақырған.

    Ақбөбектің сөзінше, ауруханаға келген полиция қызметкері оны қорғаудың орнына, «отбасыңды сақта» деп сабырға шақырған. Қазір оның жағдайы қалыпты, ми шайқалуынан емделіп жатыр. Дәрігерлер оның төртінші баласына аяғы ауыр екенін растады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →