Үлкен Алматы көлі маңындағы тауда төрт қыз адасып кеткен
Фото: ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі телеграм
Алматыда Үлкен Алматы көлі маңында шамамен 2500 метр биіктікте төрт қыз тауда адасып қалды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.
Қыздар БАО-ға көтерілгенімен, жолда бағытынан жаңылып, өздігінен төмен түсе алмаған. Құтқарушылар оларды тауып, қауіпсіз жерге дейін алып түсті.
Қыздарға медициналық көмек қажет болмаған. Кейін олар туыстарымен бірге үйлеріне қайтқан.
