Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 24 тамыз 2026 $ 457,6 534,8 5,53
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Филиппинде мектепте атыс болып, екі оқушы қаза тапты

    Филиппиннің Замбоанга қаласындағы мектепте болған атыстан екі оқушы қаза тапты. Шабуылды 9-сынып оқушысы жасаған, қаза тапқандардың бірі — шабуылшының өзі.

    Филиппинде мектепте атыс болып, екі оқушы қаза тапты

    Сурет: madeniportal.kz

    Филиппиннің Замбоанга қаласындағы мектептердің бірінде болған атыс салдарынан екі оқушы қаза тапты, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Қаза болғандардың бірі — шабуыл жасаған оқушының өзі. Бұл туралы елдің Ұлттық полициясы мәлімдеді. Алдын ала ақпарат бойынша, оқиға Замбоанга қаласындағы университетке қарасты орта білім беру мекемесінде болған.

    Полицияның дерегінше, 9-сыныпта оқитын жеткіншек сыныпқа қарумен кіріп, оқ жаудырған. Шабуыл салдарынан 10 жастағы оқушы көз жұмған. Оқиға кезінде тағы екі бала жарақат алған.

    Полиция өкілдерінің хабарлауынша, атыс жасаған оқушы да қаза тапқан. Оның өліміне не себеп болғаны әзірге нақтыланған жоқ. Қазір құқық қорғау органдары оқиғаның барлық мән-жайын анықтап, атыстың себептерін тексеріп жатыр. Оқушының қаруды мектепке қалай алып кіргені және шабуылға не түрткі болғаны да зерттелуде.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →