Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 23 тамыз 2026 $ 459,1 536,0 5,55
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Қазақстанда үй жануарларына ең жиі қойылатын есімдер анықталды

    Қазақстанда үй жануарларын есепке алудың TAÑBA жүйесінде тіркелген 400 мыңға жуық жануардың ішінде иттерге ең жиі Ақтөс, мысықтарға Мурка есімі қойылған.

    Қазақстанда үй жануарларына ең жиі қойылатын есімдер анықталды

    Сурет: madeniportal.kz

    Қазақстанда үй жануарларын есепке алудың бірыңғай ақпараттық TAÑBA жүйесі жұмыс істейді, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Қазіргі уақытта жүйеде 400 мыңға жуық үй жануары тіркелген. Оның ішінде 291 761 ит және 107 414 мысық бар.

    Тізілім деректеріне сүйенсек, иттерге ең көп қойылатын есім – Ақтөс. Бұл атты 8 863 ит иеленген. Одан кейін Шарик – 6 027, Рекс – 5 409, Тузик – 4 243 және Лайка – 4 137.

    Мысықтар арасында ең танымал ат – Мурка. Бұл есім 2 236 мысыққа қойылған. Одан кейін Муся – 1 529, Барсик – 1 491, Мурзик – 842 және Соня – 833.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →