Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 11 қазан 2026 $ 453,8↑€ 508,3↑₽ 5,33↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Астаналық әйел маркетплейс арқылы алдап, 6 жылға сотталды • АҚШ-тағы 108 жастағы қария ұзақ өмір сүру құпиясымен бөлісті • Астанада маркетплейс сабағы деген желеумен 15,6 млн теңге жымқырған әйел сотталды • Көкшетауда 21 жастағы тұрғынның телефоны мен депозитіндегі 2,65 млн теңгесін ұрлаған күдікті ұсталды • Жібек Құламбаева Түркиядағы WTA 125 турнирінің жартылай финалына шықты • Зейнетақы жарналарын еңбек өтіліне есептеу тәртібі нақтыланбақ • Астаналық әйел маркетплейс арқылы алдап, 6 жылға сотталды • АҚШ-тағы 108 жастағы қария ұзақ өмір сүру құпиясымен бөлісті • Астанада маркетплейс сабағы деген желеумен 15,6 млн теңге жымқырған әйел сотталды • Көкшетауда 21 жастағы тұрғынның телефоны мен депозитіндегі 2,65 млн теңгесін ұрлаған күдікті ұсталды • Жібек Құламбаева Түркиядағы WTA 125 турнирінің жартылай финалына шықты • Зейнетақы жарналарын еңбек өтіліне есептеу тәртібі нақтыланбақ •

    «Потенциал Ойл» экологиялық бұзушылықтар үшін 1,4 млрд теңге айыппұл арқалады

    Атырау облысындағы «Потенциал Ойл» ЖШС экологиялық заңнаманы бұзғаны үшін 1,4338 млрд теңге айыппұл арқалады. Компания сотта жеңіліп, қалған соманы төлеуі тиіс.

    «Потенциал Ойл» экологиялық бұзушылықтар үшін 1,4 млрд теңге айыппұл арқалады

    Сурет: egemen.kz

    Атырау облысындағы «Потенциал Ойл» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі экологиялық заңнаманы бұзғаны үшін 1,4338 млрд теңге көлемінде әкімшілік айыппұл төлеуге міндеттелді, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметінше, экологиялық бақылау барысында кәсіпорында өндірістік экологиялық бақылаудың тиісті деңгейде жүргізілмегені, ағынды суларды бақылау және есептілікті ұсыну талаптарының бұзылғаны анықталған. Сонымен қатар рұқсат етілген шығарындылар нормативтерінен асып кету, экологиялық рұқсатсыз жұмыс істеу, топырақтың мұнай өнімдерімен ластануы және қалдықтарды басқару талаптарын сақтамау фактілері тіркелген.

    Жалпы салынған әкімшілік санкция көлемі 1,4338 млрд теңгені құрады. Қазіргі уақытта компания оның 21,9 млн теңгесін ғана төлеген. Қалған 1,4119 млрд теңге көлеміндегі айыппұлды кәсіпорын сот арқылы даулауға тырысқан. Алайда бірінші және апелляциялық инстанция соттары экология органдарының ұстанымын қолдап, «Потенциал Ойлдың» шағымдарын қанағаттандырмады.

    Ведомствоның мәліметінше, егер компания заңда белгіленген мерзімде берешегін өтемесе, қаулылар мәжбүрлеп өндіріп алу үшін сот орындаушыларына жолданады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →