Осы орайда Қыдырәлі Болманов әйеліне жан сырын ақтарып, әсерлі жазба жариялады.
«Бүгін 20-тамыз, қасиетті жұма күні Алматының орталық мешітіне барып, ақ некемізді қидырдық…. Ей мейірімді Алла, өзің қостың енді өзің екеумізді ажыратпа ! Бақыт бер, арамызға адалдық, ынтымақ-бірлік бер, бірлігімізге береке бер,-деп тілеген күніміз бүгін. Аллаға сансыз мадақ ! Алла бере салғандарымды тоғыз ай көтеріп, әрқайсын өмір мен өлімнің арасында айқасып дүниеге келтіретін ардақты аналарымызды ардақтай алу да,-бір бақыт ! Асыл жарым, өмірлік серігім, балапандарымның анасы,-Қақатыма да ризалығым шексіз ! Жақсы көремін-жан-жарым. @karakat_a Алла ұағынан сүйіндірсін ! Ең үлкен бақыт,-балаларымыздың бақытын көрсетсін ! Шүкір етеміз ! Сіздерге де бақыт-береке, отбастарыңызға амандық тілейміз ! Мемлекетіміз, Еліміз-жеріміз аман болсын!», — деп жазды ол.
Оқымандар жұлдызды жұпты құттықтап, тілектерін жаудырды.
Фото: aikyn.kz
