”Өкінішке орай, зорланған жасөспірімдерді көп көрдім. Кішкентай, 5,3,4,6 жастағыларды. Туған әкесі, ағасы, жездесі, атасы зорлайды. Менің жеке субьективті статистикама сенетін болсаңыздар, Қазақстанда әрбір 5-ші қыз жыныстық зорлыққа тап болған. Бұл трагедия. Қыздар үлкейген кезде де аналарына өкпелі. Өйткені, аналарына айтқан, “ол мүмкін емес” деп оны жабық тақырып етіп айтпаған.
”Әрбір 3-ші қыз жыныстық қорлыққа тап болған”
Дина Төлепберген өзі жасөспірімдер гинекологынан сұхбат алған, оның айтуынша “әрбір 3-ші қыз жыныстық қорлыққа тап болған”.
”Өткенде мен жасөспірімдер гинекологымен сұхбаттасқан болатынмын. Оның статистикасы бойынша, әрбір 3-ші қыз жыныстық қорлыққа тап болған. Сондықтан да “жеке шекара, минструация, дене” тақырыбын көтеруім осыны шешуім үшін. Ең болмаса әжетханадан бастап шешу керек деп шештім”, — деді журналист.
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy/Әбілқасым Есентаев
