Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 11 қазан 2026 $ 453,8↑€ 508,3↑₽ 5,33↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Тоқаев Каспий теңізінің тартылуына қарсы бірлескен ғылыми зерттеулер мен технологияларды ұсынды • Қостанай облысында өрт жарылысқа айнала жаздады • Көлік сатылған соң камера айыппұлдары кімге келеді және оны қалай даулауға болады • Шымкенттегі Қайрат Нұртас концертіндегі жағдайға Freedom Афиша түсініктеме берді • Путинцева Ухань турнирінің іріктеу финалына шықты, Бублик Шанхайда жұптықта жеңілді • АҚШ-та балықшы бір жазда 58 миллион теңге тапты • Тоқаев Каспий теңізінің тартылуына қарсы бірлескен ғылыми зерттеулер мен технологияларды ұсынды • Қостанай облысында өрт жарылысқа айнала жаздады • Көлік сатылған соң камера айыппұлдары кімге келеді және оны қалай даулауға болады • Шымкенттегі Қайрат Нұртас концертіндегі жағдайға Freedom Афиша түсініктеме берді • Путинцева Ухань турнирінің іріктеу финалына шықты, Бублик Шанхайда жұптықта жеңілді • АҚШ-та балықшы бір жазда 58 миллион теңге тапты •

    Арыста әскери бөлім аумағында өрт шығып, оқ-дәрі дүмпуі тіркелді

    Арыс қаласы маңындағы әскери бөлім аумағында өрт шығып, оқ-дәрі дүмпуі тіркелді. Зардап шеккендер жоқ, өрт сөндірілді. Қорғаныс министрлігі ақпаратты растады.

    Арыста әскери бөлім аумағында өрт шығып, оқ-дәрі дүмпуі тіркелді

    Сурет: kznews.kz

    Арыс қаласы маңындағы әскери бөлім аумағында өрт болып, оқ-дәрі фрагментінің дүмпу дауысы естілді. Оқиға 19 тамыз күні сағат 19:00 шамасында тіркелген. Бұл туралы Қорғаныс министрлігі хабарлады.

    Министрліктің ресми өкілі Әйгерім Ағылтаеваның айтуынша, Арыс гарнизонындағы әскери бөлімдердің бірінің техникалық алаңында құрғақ шөп тұтанған. Өрт кезінде кәдеге жаратуға дайындалған оқ-дәрі фрагментінің жарылыс дауысы естілген. Зардап шеккендер мен қираған нысандар жоқ.

    Өрт көп ұзамай толық сөндіріліп, қазір оқиға орнында тиісті қызметтер жұмыс істеп жатыр. Қорғаныс министрлігі жағдайды бақылауда ұстап, азаматтарды әлеуметтік желілердегі расталмаған ақпаратқа сенбеуге, тек ресми дереккөздерге жүгінуге шақырды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →