Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 20 тамыз 2026 $ 462,1 534,9 5,44
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Шакира жер сілкінісінен зардап шеккен Колумбияға 10 мектеп салып береді Берлинде өтетін WTT Feeder турнирінде Қазақстан атынан төрт спортшы сынға түседі Алматы облысында дзюдодан ірі халықаралық оқу-жаттығу жиыны өтті ҚазҰУ ғалымдары қазақ тіліне арналған ірі тілдік модельдер жобасын аяқтауда Газ отыны: үнемдеу ме, әлде қосымша шығын ба? Аида Балаева БҰҰ еріктілер бағдарламасының өкілімен кездесті Шакира жер сілкінісінен зардап шеккен Колумбияға 10 мектеп салып береді Берлинде өтетін WTT Feeder турнирінде Қазақстан атынан төрт спортшы сынға түседі Алматы облысында дзюдодан ірі халықаралық оқу-жаттығу жиыны өтті ҚазҰУ ғалымдары қазақ тіліне арналған ірі тілдік модельдер жобасын аяқтауда Газ отыны: үнемдеу ме, әлде қосымша шығын ба? Аида Балаева БҰҰ еріктілер бағдарламасының өкілімен кездесті

    Берлинде өтетін WTT Feeder турнирінде Қазақстан атынан төрт спортшы сынға түседі

    Берлиндегі WTT Feeder турнирінде Қазақстаннан төрт спортшы өнер көрсетеді. Топтық кезеңдегі қарсыластар белгілі болды.

    Берлинде өтетін WTT Feeder турнирінде Қазақстан атынан төрт спортшы сынға түседі

    Сурет: egemen.kz

    19-23 тамыз аралығында Германия астанасы Берлинде үстел теннисінен WTT Feeder Berlin халықаралық турнирі өтеді, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Биылғы жарысқа 20 елдің өкілдері қатысады. Соның ішінде Қазақстан құрамасының спортшылары да бар. Алан Құрманғалиев, Айдос Кенжеғұлов, Санжар Жұбанов және Жанерке Қошқұмбаева ел намысын қорғайды.

    Бүгін топтық кезеңдегі қарсыластар анықталды.

    Санжар Жұбанов Ираннан Амирмахди Кешаварзи және Финляндиядан Алекси Рясяненмен кездеседі. Айдос Кенжеғұлов Қытай Тайбэйінен Ценг Цзы-Ю және Конгодан Кристиан Нгелекамен ойнайды. Жанерке Қошқұмбаева Румыниядан Иоана Сингеорзан, Польшадан Александра Михалак және Зузанна Павелецпен сынға түседі.

    Ал Алан Құрманғалиев турнирді тікелей 1/16 финалынан бастайды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →