Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 26 қазан 2026 $ 452,2↓€ 506,6↓₽ 5,63↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Астанада полицей басынан жарақат алған азаматты ауруханаға жедел жеткізуге көмектесті • Жұмыссыз қалғандарға көмек: 2027 жылдан төлем мерзімі қысқарады • Атырауда Республика күніне орай Мемлекеттік ту көтерілді • Қарағанды облысында жүк көлігі жолаушылар пойызымен соқтығысты • Әлем көшбасшылары Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан Республикасының күнімен құттықтады • Қазақстанда Қазақстан есімді 28 адам тұрады – Ұлттық статистика бюросы • Астанада полицей басынан жарақат алған азаматты ауруханаға жедел жеткізуге көмектесті • Жұмыссыз қалғандарға көмек: 2027 жылдан төлем мерзімі қысқарады • Атырауда Республика күніне орай Мемлекеттік ту көтерілді • Қарағанды облысында жүк көлігі жолаушылар пойызымен соқтығысты • Әлем көшбасшылары Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан Республикасының күнімен құттықтады • Қазақстанда Қазақстан есімді 28 адам тұрады – Ұлттық статистика бюросы •

    «Күйеуі ұрып, қолын сындырған»: Алматы облысында тағы бір келіншек өзіне қол салды

    «Күйеуі ұрып, қолын сындырған»: Алматы облысында тағы бір келіншек өзіне қол салды

    Фото: «НемолчиKZ» қоры
    Алматы облысында екі баланың анасы өзіне қол салды. Әйелдің өлімі туралы «НемолчиKZ» қоры жазды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    Қорға марқұм әйелдің туыстары көмек сұрап жүгінген.

    «23 шілдеде күйеуі оны ұрып, қолын сындырған. 26 шілдеде ол өз-өзіне қол жұмсаған – әзірге ресми нұсқа осы. Іс Қылмыстық кодекстің 105-бабы «өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу» бойынша жүргізіліп жатыр», – делінген желідегі жазбада.

    Қордың мәліметінше, әйелдің артында екі жасар егіз балалары қалған.

    «26 шілде күні күні сіңлім өзіне қол жұмсады. 23 шілде күні күйеуі екеуінің арасында жанжал шығып, күйеуі оны қрып-соғып, қолын сындырған. Ұялып әрі ата-анамызды аяп, ол маған ештеңе айтқан жоқ. Өзіне қол салардан 1 сағат бұрын сіңлім маған осының бәрін айтып берді, егіз балаларын басқа бауырымызға қалдырып, артынша өзіне қол жұмсады», – делінген марқұмның туысының хатында.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →