Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 11 қазан 2026 $ 453,8↑€ 508,3↑₽ 5,33↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Алматыда турист әйелге қол жұмсағаны үшін 15 тәулікке қамалды • Шымкентте Қайрат Нұртастың концертінде 18 жастағы қыз ауыр жарақат алды • 11 қазанға арналған ауа райы болжамы: Қазақстанда жылы әрі жауын-шашынсыз күн • Айбек Оралбай суперауыр салмаққа ауысу себебін айтып берді • Алматыда қоқыс арасынан тасталған мылтық табылды • Тоқаев Каспий теңізінің тартылуына қарсы бірлескен ғылыми зерттеулер мен технологияларды ұсынды • Алматыда турист әйелге қол жұмсағаны үшін 15 тәулікке қамалды • Шымкентте Қайрат Нұртастың концертінде 18 жастағы қыз ауыр жарақат алды • 11 қазанға арналған ауа райы болжамы: Қазақстанда жылы әрі жауын-шашынсыз күн • Айбек Оралбай суперауыр салмаққа ауысу себебін айтып берді • Алматыда қоқыс арасынан тасталған мылтық табылды • Тоқаев Каспий теңізінің тартылуына қарсы бірлескен ғылыми зерттеулер мен технологияларды ұсынды •

    Алаяқтық жасады деген күдікпен Ресейден экстрадицияланған адам Қазақстанға жеткізілді

    Ресейден Қазақстанға алаяқтық жасады деген күдікпен экстрадицияланған ер адам тергеу изоляторына қамалды. Ол 500 мың доллар мен 93,4 млн теңге алдап алған.

    Алаяқтық жасады деген күдікпен Ресейден экстрадицияланған адам Қазақстанға жеткізілді

    Сурет: turkystan.kz

    Ресей Федерациясынан Қазақстанға алаяқтық жасады деген күдікке ілінген ер адам экстрадицияланды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Тергеу деректеріне сәйкес, 2019 жылдың ақпанында күдікті Ақмола облысындағы кен орнында құрамында алтын бар кенді өндіруге арналған келісімшарт жасасуға көмектесемін деген сылтаумен үш азаматтан 500 мың АҚШ долларын алдап алған.

    Бұдан басқа, 2021 жылы ол екі кәсіпкерді «ҚазАвтоЖол» АҚ-мен жол-құрылыс жұмыстарына қатысты келісімшарт жасасуға көмектесемін деп, 93,4 млн теңге беруге көндірген.

    Қылмыстық құқық бұзушылық жасағаннан кейін күдікті шетелге қашып кеткен. Осыған байланысты оған халықаралық іздеу жарияланды.

    Өткен жылдың қыркүйегінде ол Ресейдің Мәскеу қаласында ұсталып, Қазақстан Бас прокуратурасының сұрауы бойынша елге экстрадицияланды.

    Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамалды.

    Оған тағылған айыптар бойынша мүлкін тәркілей отырып, 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Сондай-ақ белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру жазасы да қолданылуы мүмкін.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →