Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 18 қазан 2026 $ 452,9↑€ 509,0↑₽ 5,38↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Мерей Базарбаев 23 жасқа дейінгілер арасындағы әлем чемпионатының финалына шықты • Талдықорған әкімі Ұлттық ұлан бөліміне барып, жас сарбаздармен кездесті • Астанада автобуста қызға әдепсіз әрекет жасаған ер адам 10 тәулікке қамалды • «Қазгидромет» 18 қазанда бірқатар қалада қолайсыз метеожағдай болатынын ескертті • Шығыс Қазақстанда өрттен әйел мен екі бала қаза тапты • Астанада ер адамды үш метрлік траншеядан экскаватормен шығарды • Мерей Базарбаев 23 жасқа дейінгілер арасындағы әлем чемпионатының финалына шықты • Талдықорған әкімі Ұлттық ұлан бөліміне барып, жас сарбаздармен кездесті • Астанада автобуста қызға әдепсіз әрекет жасаған ер адам 10 тәулікке қамалды • «Қазгидромет» 18 қазанда бірқатар қалада қолайсыз метеожағдай болатынын ескертті • Шығыс Қазақстанда өрттен әйел мен екі бала қаза тапты • Астанада ер адамды үш метрлік траншеядан экскаватормен шығарды •

    Экс-депутат Бақытжан Базарбектің үстінен қылмыстық іс қозғалды

    Экс-депутат Бақытжан Базарбектің үстінен қылмыстық іс қозғалды

    Фото: Инстаграм

    Жамбыл облысында бұрынғы депутат Бақытжан Базарбек жол-көлік оқиғасына қатысты. Апат Т. Рысқұлов ауданындағы Луговое ауылының маңында болған, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы. 

    Алдын ала мәлімет бойынша, Базарбек басқарған Toyota көлігі жолда тұрған ер адамды қағып кеткен. Оқиғаға дейін аталған учаскеде басқа жол апаты болып, көлік малды қағып кеткен. Соның салдарынан малдың өлексесі жолда қалған.

    Оны жолдан алып тастау үшін бір ер адам трассаға шыққан. Сол сәтте Toyota көлігі оны қағып кеткен.

    Жол-көлік оқиғасынан зардап шеккен азамат ауыр жарақат алып, аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілген.

    Оқиғадан кейін Бақытжан Базарбек медициналық тексеруден өткен. Оның ағзасынан алкоголь анықталмаған.

    Жамбыл облысының полиция департаменті жол апаты фактісін растады. Аталған жағдай бойынша қылмыстық іс қозғалып, қазір қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

    Полицияның мәліметінше, істің мән-жайы тергеу барысында анықталады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →