Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 16 тамыз 2026 $ 463,9 536,7 5,51
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Астана – Щучинск автожолында жүргізуші ұйықтап кетіп, жол апатына түсті Қазақстанда 16 тамызда ауа райы қандай болмақ? Қашаған кен орнындағы келісімшарттарда сыбайлас жемқорлық белгілері анықталды Ақтөбеде заманауи кәріз тазарту кешенінің құрылысы басталды Астанада он адам ВИЧ жұқтырды деген күдікке ілінді «Неге маған айтпады?»: Ұлдана Мырзуанның анасы бұрынғы күйеу баласының әрекетіне ренжіді Астана – Щучинск автожолында жүргізуші ұйықтап кетіп, жол апатына түсті Қазақстанда 16 тамызда ауа райы қандай болмақ? Қашаған кен орнындағы келісімшарттарда сыбайлас жемқорлық белгілері анықталды Ақтөбеде заманауи кәріз тазарту кешенінің құрылысы басталды Астанада он адам ВИЧ жұқтырды деген күдікке ілінді «Неге маған айтпады?»: Ұлдана Мырзуанның анасы бұрынғы күйеу баласының әрекетіне ренжіді

    Қазақстанда 16 тамызда ауа райы қандай болмақ?

    Қазгидромет 16 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады. Еліміздің көптеген аймағында жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Ауа температурасы төмендейді.

    Қазақстанда 16 тамызда ауа райы қандай болмақ?

    Сурет: egemen.kz

    «Қазгидромет» мамандары 16 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады. Синоптиктердің мәліметінше, еліміздің басым бөлігінде жаңбырлы күн күтіледі, кей аймақтарда найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін. Сондай-ақ желдің күшеюі мен ауа температурасының төмендеуі де болжанады, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Астанада аспан құбылмалы бұлтпен көмкеріліп, кей уақытта жаңбыр жауады. Найзағай, бұршақ және қатты жел күтіледі. Желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрді құраса, күндізгі екпіні 15-18 метрге дейін жетеді. Түнде ауа температурасы +16…+18°C, ал күндіз +23…+25°C болады.

    Алматыда ауа райы құбылмалы бұлтты, бірақ жауын-шашын күтілмейді. Жел секундына 3-8 метр. Түнде термометрлер +21…+23°C, күндіз +35…+37°C көрсетеді. Шымкентте де жауын-шашынсыз, құбылмалы бұлтты болады. Жел 8-13 м/с, ауа температурасы түнде +23…+25°C, күндіз +37…+39°C.

    Ақтауда жауын-шашынсыз, құбылмалы бұлтты. Жел 7-12 м/с. Түнде +19…+21°C, күндіз +27…+29°C. Ақтөбеде де жауын-шашын күтілмейді, бірақ күндіз желдің екпіні секундына 15-18 метрге дейін күшеюі мүмкін. Түнде +8…+10°C, күндіз +22…+24°C. Атырауда аз бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 3-8 м/с, түнде +12…+14°C, күндіз +27…+29°C.

    Жезқазғанда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Таңертең және күндіз желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Түнде +19…+21°C, күндіз +29…+31°C. Қарағандыда түнде жауын-шашынсыз, ал күндіз қысқа мерзімді жаңбыр мен найзағай болады. Жел күндіз 7-12 м/с, екпіні 15 м/с-қа дейін. Ауа температурасы түнде +16…+18°C, күндіз +28…+30°C.

    Көкшетауда түнде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз жауын-шашынсыз. Жел 9-14 м/с. Түнде +13…+15°C, күндіз +24…+26°C. Қонаевта жауын-шашынсыз, жел 9-14 м/с. Түнде +20…+22°C, күндіз +36…+38°C. Қостанайда жауын-шашынсыз, жел 9-14 м/с, түнде +10…+12°C, күндіз +20…+22°C.

    Қызылордада құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде +20…+22°C, күндіз +33…+35°C. Павлодарда түнде жауын-шашынсыз, күндіз жаңбыр жауып, найзағай болады. Жел күндіз 15-20 м/с екпінмен соғады. Түнде +17…+19°C, күндіз +30…+32°C.

    Петропавлда жаңбыр, найзағай, бұршақ және қатты жел күтіледі. Түнде және таңертең тұман түседі. Желдің жылдамдығы 15-20 м/с, түнде екпіні 25 м/с-қа жетеді. Температура түнде +13…+15°C, күндіз +22…+24°C. Семейде түнде жауын-шашынсыз, күндіз аптап ыстық. Жел 7-12 м/с, түнде +15…+17°C, күндіз +33…+35°C.

    Талдықорғанда жауын-шашынсыз, жел 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде +17…+19°C, күндіз +37…+39°C. Таразда да жауын-шашын жоқ, бірақ күндіз желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Түнде +20…+22°C, күндіз +35…+37°C. Түркістанда күндіз аптап ыстық, жел 8-13 м/с, екпіні 15-20 м/с. Температура түнде +24…+26°C, күндіз +38…+40°C.

    Оралда жауын-шашынсыз, түнде және таңертең тұман түседі. Жел 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде +7…+9°C, күндіз +23…+25°C. Өскеменде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ пен қатты жел күтіледі. Желдің екпіні 15-18 м/с-қа жетеді. Түнде +15…+17°C, күндіз +33…+35°C.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →