Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 13 тамыз 2026 $ 466,1 537,7 5,65
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    АҚШ мемлекеттік хатшысының көмекшісі Қазақстанға инвестиция мәселесін талқылау үшін келді 13 тамызда Қазақстанның бірқатар қаласында ауа сапасы нашарлауы мүмкін Астана маңында жоғалған екі ер адам қамыс арасында ұйықтап жатқан күйі табылды Қонаев маңында жолаушылар автобусы лайға батып, 27 адам құтқарылды Диетолог күндізгі ұйқышылдықты азайтудың жолын айтты Қытай автокөліктерін сатушылар Алматыдағы салонмен әріптестіктен 700 млн теңгесінен айырылды АҚШ мемлекеттік хатшысының көмекшісі Қазақстанға инвестиция мәселесін талқылау үшін келді 13 тамызда Қазақстанның бірқатар қаласында ауа сапасы нашарлауы мүмкін Астана маңында жоғалған екі ер адам қамыс арасында ұйықтап жатқан күйі табылды Қонаев маңында жолаушылар автобусы лайға батып, 27 адам құтқарылды Диетолог күндізгі ұйқышылдықты азайтудың жолын айтты Қытай автокөліктерін сатушылар Алматыдағы салонмен әріптестіктен 700 млн теңгесінен айырылды

    Астана маңында жоғалған екі ер адам қамыс арасында ұйықтап жатқан күйі табылды

    Астана маңындағы су қоймасында SUP-бордпен серуендеуге шыққан екі ер адам желге ұшып, төрт шақырымға ұзап кеткен. Олар қамыс арасында ұйықтап жатқан күйінде табылып, құтқарушылар әкімшілік жауапқа тартты.

    Астана маңында жоғалған екі ер адам қамыс арасында ұйықтап жатқан күйі табылды

    Сурет: turkystan.kz

    Астана маңындағы су қоймасында SUP-бордпен серуендеуге шыққан 24 пен 25 жастағы екі жігіт желдің күшеюіне байланысты жағалаудан төрт шақырымға ұзап кеткен. Оларды іздеуге шыққан құтқарушылар ер адамдарды қамыс арасында ұйықтап жатқан күйінде тапты, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Әйелдерінің құтқарушыларға хабарласуымен оқиға орнына төтеншеліктер дереу жеткен. Іздеу жұмыстары шамамен төрт сағатқа созылған. Адасқандар әбден шаршап, қамыс арасына кіріп ұйықтап қалғандықтан, құтқарушылардың дауысын да естімеген. Олар түнгі сағат бірде табылған.

    Ақмола облысы төтенше жағдайлар департаментінің ресми өкілі Ерсайын Қойшыбаевтың айтуынша, екі ер адамды құтқару үшін Ақмола облысы мен Астана қаласынан 25 құтқарушы мен үш жүзу құралы жұмылдырылған. Қатты жел мен толқынға қарамастан, іздеу сәтті аяқталған. Дегенмен, жігіттер су айдындарындағы қауіпсіздік ережесін бұзғаны, атап айтқанда, түнгі уақытта суға түскені үшін әкімшілік жауапқа тартылған.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →