Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 13 тамыз 2026 $ 466,1 537,7 5,65
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Бесағашта бойжеткенге қырындаған қария анықталды Үндістанда ұшқыштың есірткі әсерінде болуы 20 жолаушының зардап шегуіне себеп болды Астанада Халықаралық жастар күні: «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының жеңімпаздары марапатталды Таразда жел батутты көтеріп, ішіндегі екі бала жерге құлады Айгүл Иманбаева екі жыл бұрынғы үйлену тойын еске алды Астанада Халықаралық жастар күніне арналған салтанатты шара өтті Бесағашта бойжеткенге қырындаған қария анықталды Үндістанда ұшқыштың есірткі әсерінде болуы 20 жолаушының зардап шегуіне себеп болды Астанада Халықаралық жастар күні: «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының жеңімпаздары марапатталды Таразда жел батутты көтеріп, ішіндегі екі бала жерге құлады Айгүл Иманбаева екі жыл бұрынғы үйлену тойын еске алды Астанада Халықаралық жастар күніне арналған салтанатты шара өтті

    Таразда жел батутты көтеріп, ішіндегі екі бала жерге құлады

    Таразда қатты жел батутты көтеріп, ішіндегі екі бала жерге құлады. Балалар зардап шеккен жоқ. Кәсіпкерге айыппұл салынды.

    Таразда жел батутты көтеріп, ішіндегі екі бала жерге құлады

    Сурет: turkystan.kz

    Таразда қатты жел салдарынан ішінде екі бала ойнап жүрген үрлемелі батут көтеріліп кетті. Балалар жерге құлағанымен, әкімдік мәліметінше, олар зардап шеккен жоқ, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Оқиға 11 тамызда Ұлы дала шағынауданындағы №68/1 үйдің маңында болды. Желдің күшті екпінінен аттракцион бір жағына қисайып, кейін ауаға көтерілген. Сол сәтте батуттың ішіндегі екі бала жерге құлаған.

    Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарады. Кадрларда батуттың желмен көтерілгені және ересектердің балаларға жүгіргені көрінеді.

    Тараз қаласы Әулиеата ауданы әкімдігінің мәліметінше, оқиға орнына жедел жәрдем шақырылып, дәрігерлер балаларды тексерген.

    «Медициналық тексеру нәтижесінде балалардың денсаулығына зиян келмегені және жарақат алмағаны анықталды», – делінген әкімдік хабарламасында.

    Оқиғадан кейін аттракционды орнатқан кәсіпкерге қатысты әкімшілік шара қолданылып, айыппұл салынған.

    Сонымен қатар автотұрақ нысанының мақсатына сай пайдаланылмауына байланысты оның иесіне қатысты заң аясында шара қолдану жөнінде уәкілетті бөлімге ұсыныс жолданған.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →