Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 12 тамыз 2026 $ 466,1 537,7 5,65
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Ақтауда 3 көлік соқтығысып, 23 жастағы жүргізуші қаза тапты Медузалар жаулап алды: Францияда АЭС жұмысы тоқтады «Біраз адам іздепті»: Роза Әлқожа қазіргі жағдайынан хабар берді 36 жыл бойы жөндеу көрмеген: Таразда әкімдіктің салғырттығынан тұрғындар ауызсуға зарығып отыр Қостанай әкімдігі тұрғындардың мұңын естімей ме? Теміржол көпіріне апарар жол жабық «Жастар – еліміздің басты күші»: Аида Балаева жастарға құттықтау жолдады Ақтауда 3 көлік соқтығысып, 23 жастағы жүргізуші қаза тапты Медузалар жаулап алды: Францияда АЭС жұмысы тоқтады «Біраз адам іздепті»: Роза Әлқожа қазіргі жағдайынан хабар берді 36 жыл бойы жөндеу көрмеген: Таразда әкімдіктің салғырттығынан тұрғындар ауызсуға зарығып отыр Қостанай әкімдігі тұрғындардың мұңын естімей ме? Теміржол көпіріне апарар жол жабық «Жастар – еліміздің басты күші»: Аида Балаева жастарға құттықтау жолдады

    Халықаралық іздеуде болған Ұлан Байболов Кореядан экстрадицияланды

    Халықаралық іздеуде болған Ұлан Байболов Кореядан экстрадицияланды

    Фото: ҚМА/Видеодан скрин

    Қаржылық мониторинг агенттігі Интерполдың қолдауымен 2,5 миллиард теңгеден астам қаражатты қолма-қол ақшаға айналдырды және аса ірі көлемде салық төлеуден жалтарды деп күдікке ілінген Ұлан Байболовты Корея Республикасынан Қазақстанға қайтарды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info.

    Тергеу деректеріне сәйкес, Ұ.М. Байболов салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді жүйелі түрде төлеуден жалтарумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшесі болған. Қылмыстық әрекет кәсіпорындарды сатып алып, жалған басшылардың атына қайта тіркеу, олардың банк шоттары арқылы қаржы операцияларын жүргізу, салық есептілігіне көрінеу бұрмаланған мәліметтер енгізу және кейін қаражатты қолма-қол ақшаға айналдыру жолымен жүзеге асырылған.

    Осы тәсілде пайдаланылған кәсіпорындардың бірі —  «Сфера» ЖШС, оған 2014 жылы Ұ.М. Байболов директордың орынбасары болып тағайындалған. Нәтижесінде топ мүшелері серіктестіктің есеп айырысу шоттарынан 2,5 млрд теңгеден астам қаражатты қолма-қол ақшаға айналдырған. Бұдан бөлек, қосымша есептелген салық көлемі 1 млрд теңгеден асқан. Қазіргі таңда сот күдіктіге қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады, ал тергеу жұмыстары жалғасуда.

    Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді. Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Конституциясының 19-бабының 1-тармағына және Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабының бірінші бөлігіне сәйкес, адамның қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі екені заңды күшіне енген сот үкімімен анықталғанға дейін ол кінәсіз деп есептеледі.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →