Пойыздағы кондиционер ақауы: жолаушылар ыстықтан зардап шекті
Пойыздағы кондиционер ақауы салдарынан жолаушылар ыстықтан зардап шекті. ҚТЖ бұл пойыз жеке тасымалдаушыға тиесілі екенін мәлімдеді.
Сурет: ulysmedia.kz
Екінші вагонда кондиционерлердің жұмыс істемеуі салдарынан жолаушылар шыдамсыз ыстықтан қиналғанын хабарлады. Бұл туралы lada.kz сайтына сілтеме жасап, Qazaqtoday.info хабарлайды.
Әлеуметтік желідегі жазбада бір жолаушы: «Вагонда ыстық! Күйеуім – жүрек ауруымен ауырады, осы вагонмен Қарағандыға санаторийге бара жатыр. Проводник кондиционердің жұмыс істемеуі өз құзыретінде емес екенін айтты. Вагонда қарттар мен балалар бар», – деп жазған.
«Пассажирские перевозки» АҚ баспасөз қызметі бұл шағымға жауап берді. Олардың мәліметінше, бұл пойыз жеке тасымалдаушы «Ulytau Express» ЖШС-ке тиесілі. Компаниядағылар жеке тасымалдаушылардың қызметі «Пассажирские перевозки» АҚ-на және тұтастай ҚТЖ-ға қатысы жоқ екенін, олардың қызметі көлік министрлігімен реттелетінін жеткізді.
Айта кетейік, бұған дейін ҚТЖ пойыздардағы қымбат билеттер туралы айтылған сынға жауап берген болатын.
