Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 11 тамыз 2026 $ 468,5 541,3 5,74
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қазақстандағы жеңіл автокөліктердің бағасы бір айда рекордтық төмендеді Мудрик «Страсбурға» ауысса, Сатпаевтың жалдануы мүмкін емес Иран Түркия, Сауд Арабиясы және Пәкістан арасындағы қорғаныс келісіміне алаңдамайды Мөлдір Мұқан телехикаяда Ерланның жұбайы рөлін сомдайды Мөлдір Мұқан «Qazaqstan» телеарнасының жаңа сериалында түсетінін мәлімдеді Ақтаудағы 73 жастағы Балым әжей велосипед тебуді үйреніп, әлеуметтік желіні баурап алды Қазақстандағы жеңіл автокөліктердің бағасы бір айда рекордтық төмендеді Мудрик «Страсбурға» ауысса, Сатпаевтың жалдануы мүмкін емес Иран Түркия, Сауд Арабиясы және Пәкістан арасындағы қорғаныс келісіміне алаңдамайды Мөлдір Мұқан телехикаяда Ерланның жұбайы рөлін сомдайды Мөлдір Мұқан «Qazaqstan» телеарнасының жаңа сериалында түсетінін мәлімдеді Ақтаудағы 73 жастағы Балым әжей велосипед тебуді үйреніп, әлеуметтік желіні баурап алды

    Мөлдір Мұқан телехикаяда Ерланның жұбайы рөлін сомдайды

    Мөлдір Мұқан «Qazaqstan» телеарнасының телехикаясында Ерланның жұбайы рөлін сомдайды. Өнер иесі жаңа жоба туралы қуанышын бөлісті.

    Мөлдір Мұқан телехикаяда Ерланның жұбайы рөлін сомдайды

    Сурет: alash.kz

    Продюсер әрі әнші Мөлдір Мұқан желідегі парақшасында қуанышты жаңалығын бөлісті, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Өнер иесі «Qazaqstan» ұлттық телеарнасы түсіріп жатқан телехикаяға шақыру алғанын айтты. Мөлдір Мұқанның айтуынша, бұл жоба – оның шығармашылық жолындағы ерекше жаңалықтардың бірі.

    Өнер иесі жаңа туындыда Ерлан есімді кейіпкердің жұбайының рөлін сомдайтынын атап өтті. Сериал желісінде ақ халатты абзал жандардың еңбегі мен дәрігер мамандығының маңыздылығы кеңінен көрсетілмек.

    “Осы жаздың ерекше жаңалығы — сериалға түсу туралы ұсыныс. Әрине қабыл алдым! Қай телеарнаға, қандай жанрдағы сериал екенін айтамын. Ең бастысы, көрерменге ұнайтын сериал болатынына сенемін. Бұл — мен үшін өмірімдегі, өнер жолымдағы ерекше жаңалығымен келген жоба болды. Шақырту келгенде өте үлкен қуанышқа бөленіп, маған сондай сенім артқанына қуанғаным рас. Бұл жерде менің сомдайтын рөлім — Ерлан мырзаның жұбайымын. Кино туралы айтатын болсақ, үлкен тақырып қозғалады. Ақ халатты абзал жандар… Ол кісілердің жұмысы көзге көрінбейді. Дегенмен де түрлі сынақ түсіп, осындай дерттерге ұшырап алған уақытта ол кісілердің қадірін түсініп жатамыз. Сол жүкті кино арқылы елге жеткізіп жатқан осы ұлттық арнаға және киноның барлық мүшелеріне алғысымды білдіргім келеді” – деді Мөлдір Мұқан.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →