Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 17 қазан 2026 $ 452,7↑€ 508,8↑₽ 5,41↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Бёрнли» Сатпаевпен бірге Чемпионшипте «Вулверхэмптонға» есе жіберді • Қостанай облысында мас күйінде көлік басқарған ер адамға 1 жыл 9 ай бас бостандығынан айыру жазасы кесілді • Дәрігер: ұзақ өмір сүру генетикаға да, күнделікті әдеттерге де байланысты • Алматының бұрынғы бас сәулетшісі Ахмеджанов 9 жылға сотталды • Алматының бұрынғы урбанистика басшысына жаңа үкім шықты • Омбыда қазақстандық жүргізуші 27 млн теңгелік темекімен ұсталды • «Бёрнли» Сатпаевпен бірге Чемпионшипте «Вулверхэмптонға» есе жіберді • Қостанай облысында мас күйінде көлік басқарған ер адамға 1 жыл 9 ай бас бостандығынан айыру жазасы кесілді • Дәрігер: ұзақ өмір сүру генетикаға да, күнделікті әдеттерге де байланысты • Алматының бұрынғы бас сәулетшісі Ахмеджанов 9 жылға сотталды • Алматының бұрынғы урбанистика басшысына жаңа үкім шықты • Омбыда қазақстандық жүргізуші 27 млн теңгелік темекімен ұсталды •

    «Таң қалдым»: Алтынай Жорабаева ұзатудағы ерекше торт туралы айтты (ВИДЕО)

    «Таң қалдым»: Алтынай Жорабаева ұзатудағы ерекше торт туралы айтты (ВИДЕО)

    Коллаж: qazaqtoday.info

    Танымал әнші Алтынай Жорабаева қызы Айнараны ұзатқан тойда қонақтарға ұсынылған ерекше торттың жасалу тарихын айтып берді, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    Шілде айының соңында Алматыда өткен ұзату тойында қонақтарға қазақтың қызыл сандығына ұқсатып жасалған ерекше торт тартылған. Оның үстіне үкілі тақия қойылып, қазақы нақыштағы дизайн арқылы қыздың жасауын бейнелеген.

    Әншінің айтуынша, торт жасау идеясы өзінен шықпаған. Бұл ұсынысты оның құрбысы Саяш айтқан. Бастапқыда Алтынай Жорабаева ұзату тойында торт ұсынуды жоспарламаған.

    «Ұзату тойында торт болмайды деп ойлайтынмын. Әдетте оны үйлену тойында тартады. Бірақ құрбым қыз ұзатуда торт ұсыну-ұсынбау әркімнің өз қалауы деп түсіндірді. Идеялары бар екенін айтты», – дейді Жорабаева.

    Торттың авторы тәттіні дайындамас бұрын қалыңдықтың тойда киетін киімі мен үкілі тақиясы туралы ақпарат алған. Салмағы шамамен 35 келі болған ерекше торттың дизайны әншіге алдын ала көрсетілмеген.

    «Мен қызымның тойға киетін киімін, үкілі тақиясын көрсеттім. Ол идея келді деген. Маған ұзақ уақыт айтпай жүрді. Тойдан бір күн бұрын ғана суретін көрсетті. Таң қалдым. Қатты ұнады», – дейді Алтынай.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →