Өзбекстандық блогерге Қазақстанда халықаралық іздеу жарияланды
Өзбекстандық блогер «Маха.dxb» Қазақстанда халықаралық іздеу жарияланды. Ол интернет-казино жарнамалады деген күдікке ілінген.
Өзбекстандық блогер «Маха.dxb» лақап атымен танымал. Сот оны қамауға алу туралы шешім шығарған. Ол бірнеше интернет-казиноны жарнамалады деген күдікке ілінген.
Ол Қазақстан аумағында казиноларды жарнамалау үшін блогерлерді тартқан. Жарнама бағасын белгілеу үшін блогерлерден желідегі оқырмандарының саны, жасы мен орналасқан жері туралы мәліметтер алған. Осылайша, ол жалпы саны 35-тен астам блогермен, соның ішінде Қайсар Хамзамен де жұмыс істеген.
Жақында ғана осы іс бойынша блогер Қайсар Камза Вьетнамнан Қазақстанға экстрадицияланған еді. Ол Астанаға жеткізіліп, тергеу изоляторына қамалған.
…деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.
