Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 18 қазан 2026 $ 452,9↑€ 509,0↑₽ 5,38↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Мерей Базарбаев 23 жасқа дейінгілер арасындағы әлем чемпионатының финалына шықты • Талдықорған әкімі Ұлттық ұлан бөліміне барып, жас сарбаздармен кездесті • Астанада автобуста қызға әдепсіз әрекет жасаған ер адам 10 тәулікке қамалды • «Қазгидромет» 18 қазанда бірқатар қалада қолайсыз метеожағдай болатынын ескертті • Шығыс Қазақстанда өрттен әйел мен екі бала қаза тапты • Астанада ер адамды үш метрлік траншеядан экскаватормен шығарды • Мерей Базарбаев 23 жасқа дейінгілер арасындағы әлем чемпионатының финалына шықты • Талдықорған әкімі Ұлттық ұлан бөліміне барып, жас сарбаздармен кездесті • Астанада автобуста қызға әдепсіз әрекет жасаған ер адам 10 тәулікке қамалды • «Қазгидромет» 18 қазанда бірқатар қалада қолайсыз метеожағдай болатынын ескертті • Шығыс Қазақстанда өрттен әйел мен екі бала қаза тапты • Астанада ер адамды үш метрлік траншеядан экскаватормен шығарды •

    Елена Рыбакина Торонтодағы WTA 1000 турнирінің ширек финалына шықты

    Елена Рыбакина Торонтодағы WTA 1000 турнирінің ширек финалына шықты

    Фото: WTA

    Қазақстанның әйелдер арасындағы бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Торонтода өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы турнирдің ширек финалына жолдама алды. Бұл туралы Қазақстанның теннис федерациясы мәлім етті, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    1/8 финалда әлемдік рейтингте 55-орында тұрған ресейлік Людмила Самсоновамен кездескен қазақстандық теннисші үш сет қорытындысы бойынша 6:4, 4:6, 6:4 есебімен жеңіске жетті.

    Матч 2 сағат 55 минутқа созылды. Рыбакина 11 эйс жасап, алты рет қос қателікке жол берді. Ол жеті брейк-пойнтты жүзеге асырды.

    Ширек финалда Рыбакинаның қарсыласы канадалық Лейла Фернандес пен жапондық Наоми Осака арасындағы матчтың жеңімпазы болады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →