Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 10 тамыз 2026 $ 469,0 542,1 5,75
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Атыраудағы ұстау сәті видеоға түсті: полиция түсініктеме берді

    Атыраудағы ұстау сәті видеоға түсті. Полиция 19 жастағы күдіктінің ұрлық жасағанын және оқиға мән-жайы тексеріліп жатқанын хабарлады.

    Атыраудағы ұстау сәті видеоға түсті: полиция түсініктеме берді

    Сурет: azattyq-ruhy.kz

    8 тамыз күні кешкі сағат 20:40 шамасында Атыраудың орталық алаңында болған оқиға тұрғындардың назарын аударды. Жас жігіттің қарсылық көрсетіп, айқайлағанын көрген куәгерлер оны белгісіз адамдар күштеп алып кетпек болды деп ойлап, алаңдаушылық білдірді. Бұл сәт видеоға түсіп, әлеуметтік желіде тарады, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Кейін Атырау облысының Полиция департаменті оқиғаның мән-жайын түсіндірді. Анықталғандай, 19 жастағы азамат ұрлық жасады деген күдікпен полиция бөліміне жеткізіліп жатқан. Видеода полиция қызметкерлерінің күдіктіні көлікке отырғызу әрекеті көрініп тұр.

    Куәгерлердің бірі ер адамның өзін полиция қызметкері ретінде таныстырып, жас жігіттің іс бойынша куәгер екенін айтқанын хабарлады. Алайда бұл сөз жиналғандардың күдігін тудырып, олар нағыз полицияны шақырған.

    Полиция департаментінің мәлімдеуінше, куәгерлер полиция қызметкерлерінің әрекетіне кедергі келтірген. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы тексеріліп жатыр, құқықтық баға тексеру аяқталғаннан кейін беріледі.

    Ведомство әлеуметтік желі қолданушыларын тексерілмеген ақпаратты таратпауға және ресми мәліметтерге сүйенуге шақырды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →