Президент Тоқаевтың сүйікті сәйгүлігі Ақжанның бейнесі алғаш рет жарияланды
Блогер Дастан Мұхамедрахим Президент Тоқаевтың сүйікті сәйгүлігі Ақжанның бейнесін алғаш рет жариялады. Ахалтеке тұқымының ерекшеліктері туралы оқыңыз.
Сурет: Видеодан кадр
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың сүйікті сәйгүлігі Ақжанның бейнесі алғаш рет жарияланды. Блогер Дастан Мұхамедрахим өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында ахалтеке тұқымды бұл жануардың видеосын көрсетті, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.
ByDastann есімімен танымал блогердің айтуынша, оған Мемлекет басшысының сәйгүлігін дала төсінде түсіру мүмкіндігі тұған. Видеода Ақжан кең далада жүріп, оның сұлулығы мен ерекшелігі көрінеді.
«Ақжан – Ұлы даланың қанатты тұлпары. Президентіміздің сүйікті арғымағы. Ғажап!» – деп жазды Дастан Мұхамедрахим өз жазбасында.
Ақжан – әлемдегі ең көне жылқы тұқымдарының бірі саналатын ахалтеке тұқымына жатады. Бұл тұқым төзімділігімен және ерекше сыртқы келбетімен танымал. Бұған дейін хабарланғандай, 2025 жылы ақ түсті биеден құлын туған. Оған Ақжан деген есімді Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі қойған.
View this post on Instagram
