Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 23 қыркүйек 2026 $ 448,4 514,5 5,35
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Мал бағып отырғандар жерден айырылып қалуы мүмкін: депутат ауыл шаруашылығы жерлерін тексеруді сұрады Ақтөбені шіркей қаптады: тұрғындар үйден шығудан қалды Қазақстан 1,5 пайызбен 35 жылға несие беретін Азия банкімен тікелей жұмыс істемек Қазақстан жол мен энергетикаға 6 млрд долларға дейін қаржы тартпақ Елена Рыбакина US Open-2026 жеңісінен кейін Қазақстанға келді Электронды жүйесі істен шыққан көлік Есілге түсіп кетті Мал бағып отырғандар жерден айырылып қалуы мүмкін: депутат ауыл шаруашылығы жерлерін тексеруді сұрады Ақтөбені шіркей қаптады: тұрғындар үйден шығудан қалды Қазақстан 1,5 пайызбен 35 жылға несие беретін Азия банкімен тікелей жұмыс істемек Қазақстан жол мен энергетикаға 6 млрд долларға дейін қаржы тартпақ Елена Рыбакина US Open-2026 жеңісінен кейін Қазақстанға келді Электронды жүйесі істен шыққан көлік Есілге түсіп кетті

    Маңғыстаудағы Құлжан кен орнындағы өрт сөндірілді: зардап шеккендер жоқ

    Маңғыстаудағы Құлжан кен орнындағы өрт сөндірілді, зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі әзірге белгісіз, деп хабарлайды Qazaqtoday.info.

    Маңғыстаудағы Құлжан кен орнындағы өрт сөндірілді: зардап шеккендер жоқ

    Сурет: azattyq-ruhy.kz

    Маңғыстау облысындағы Құлжан кен орнында болған өрт кәсіпорын қызметкерлерінің күшімен сөндірілді. Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ, алайда өрттің шығу себебі әзірге анықталмаған, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Әлеуметтік желіде Құлжан кен орнының үстін қою қара түтін жапқан видео тарады. Кадрлар 7 тамызда Боранқұл ауылындағы нысан аумағында түсірілген. Желі қолданушылары түтіннің көлемі мен түсіне қарап, резервуарлар паркі өртеніп жатыр деген болжам айтқан. Видео авторы нысанның шетелдік иелерге тиесілі екенін және ауылға экологиялық проблема тудырып отырғанын да жеткізді.

    Сонымен қатар, видеоға пікір білдірген бір азамат бақылаушы органдардың жұмысын сынға алып, нысанда өрт сөндіру техникасының жеткіліксіз болуы мүмкін екенін айтты. Оның пікірінше, егер мұнай резервуарлары өртенсе, жақын маңдағы елді мекен үшін ауыр салдар туындауы мүмкін еді.

    Алайда Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаменті өз бөлімшелерінің өрт сөндіруге жұмылдырылмағанын хабарлады. Құлжан кен орнында жұмыс істейтін «Meerbusch» ЖШС қызметкерлері өртті өз күштерімен сөндірген. Компания оқиғаның болғанын растады, зардап шеккендер жоқ.

    Әзірге кәсіпорын өрттің неден шыққаны және нақты ненің жанғаны туралы толық ақпарат бермеді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →