Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 8 тамыз 2026 $ 469,7 542,7 5,80
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    2026 жылы білім гранттарының иегерлері анықталды: талапкерлердің қуанышты сәттері Қазақстанда 2026-2027 оқу жылына мемлекеттік білім гранттарының иегерлері анықталды Атырауда балабақша тәрбиешісі 1 жасар балаға күш көрсеткен Қазақстандық ескекшілер Азия чемпионатында бірнеше алтын медаль жеңіп алды Демалыс күндері ауа райы қалай құбылады «Не үшін сұққанымды білмеймін»: Нұрай Серікбай ісінде жаңа дерек айтылды 2026 жылы білім гранттарының иегерлері анықталды: талапкерлердің қуанышты сәттері Қазақстанда 2026-2027 оқу жылына мемлекеттік білім гранттарының иегерлері анықталды Атырауда балабақша тәрбиешісі 1 жасар балаға күш көрсеткен Қазақстандық ескекшілер Азия чемпионатында бірнеше алтын медаль жеңіп алды Демалыс күндері ауа райы қалай құбылады «Не үшін сұққанымды білмеймін»: Нұрай Серікбай ісінде жаңа дерек айтылды

    Демалыс күндері ауа райы қалай құбылады

    Демалыс күндері ауа райы қалай құбылады
    Фото: unsplash

    Қазгидромет 8–10 тамызға арналған Қазақстан бойынша ауа райы болжамын жариялады, деп жазады Qazaqtoday.info ақпарат порталы. 

    Қазақстан аумағындағы ауа райын ауқымды антициклон қалыптастырады. Соның әсерінен еліміздің басым бөлігінде ыстық әрі құрғақ ауа райы күтіледі.

    Кезеңнің соңына қарай еліміздің батысы мен солтүстік-батысында солтүстік-батыс циклоны және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөліктердің ықпалынан жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел күшейеді, кей өңірлерде бұршақ жаууы мүмкін.

    Республиканың шығысында кезеңнің басында, сондай-ақ оңтүстік және оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында барлық күндері оңтүстік циклонның әсерінен жаңбыр жауып, найзағай күтіледі.

    Барлық өңір тұрғындарын аптап ыстықтың кезекті толқыны күтіп тұр. Иран аумағынан келетін жылы ауа массаларының әсерінен еліміздің солтүстігі мен шығысында ауа температурасы 35–39°С-қа дейін, оңтүстігінде 35–41°С-қа дейін, ал батысы мен орталығында 36–41°С-қа дейін көтеріліп, өте қатты ыстық болады.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →