Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 7 тамыз 2026 $ 469,7 542,7 5,80
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қазақстан құрамасын 62 жастағы Джон ван ‘т Скип бастады Таиландтағы мектепте атыс болып, 7 адам қаза тапты «Жәбірленуші рөлінен бас тартпаймын»: Ұлдананың күйеуі істі соңына дейін жеткізетінін айтты (ВИДЕО) Ақтөбеде көпқабатты үйдің кіреберісінен жылан табылды: Тұрғындар үрей үстінде Атыраудағы сұмдық жағдай: «Нұрсаяда» ер адам әйелді аяусыз соққыға жықты Такси жүргізушісі «амандаспады» деп әйелді көліктен қуған Қазақстан құрамасын 62 жастағы Джон ван ‘т Скип бастады Таиландтағы мектепте атыс болып, 7 адам қаза тапты «Жәбірленуші рөлінен бас тартпаймын»: Ұлдананың күйеуі істі соңына дейін жеткізетінін айтты (ВИДЕО) Ақтөбеде көпқабатты үйдің кіреберісінен жылан табылды: Тұрғындар үрей үстінде Атыраудағы сұмдық жағдай: «Нұрсаяда» ер адам әйелді аяусыз соққыға жықты Такси жүргізушісі «амандаспады» деп әйелді көліктен қуған

    Семейде бұрынғы әйелін қызғаныштан өлтірген ер адам 12 жылға сотталды

    Семейде бұрынғы әйелін қызғаныштан өлтірген ер адам 12 жылға сотталды

    Семейде бұрынғы әйелін таяқпен аяусыз сабаған 51 жастағы ер адамға сот үкімі шықты. Ол 12 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info.

    Сондай-ақ сотталушы қаза тапқан әйелдің ағасына моральдық шығын өтемі ретінде 10 млн теңге төлеуге міндеттелді. Қайғылы оқиға сәуір айында әйел балаларымен бірге тұрған үйдің ауласында болған. Тергеу материалдарына сәйкес, мас күйде болған ер адам қызғаныштан бұрынғы жұбайына шабуыл жасап, оны таяқпен 27 рет ұрған. Әйел алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмған.

    Сот барысында марқұмның туыстары ер адамның әйелге ұзақ жылдар бойы тұрмыстық зорлық-зомбылық көрсеткенін айтты. Олардың сөзінше, ажырасқаннан кейін де ол бұрынғы әйелінің соңынан қалмай, қызғаныш танытып, жанжал шығарып жүрген. Айыпталушы сотта өз кінәсін толық мойындап, жасаған ісіне өкінетінін жеткізді. Марқұмның туысы Жанна Нұрғазинованың айтуынша, отбасы соттың шешіміне қанағаттанған. «Біз дәл осындай жаза берілуін қаладық.

    Сондықтан сот шешімімен толық келісеміз. Балаларға қатысты сотта барлық қажетті құжаттарды мүмкіндігінше тезірек жинау керектігі айтылды. Енді қорғаншылық және қамқоршылық органдарымен жұмыс істейтін боламыз», деді ол. Қайғылы оқиғадан кейін екі кәмелетке толмаған бала анасыз қалды. Қазір олардың туыстары балаларға қорғаншылық рәсімдеумен айналысып жатыр.

    Фото: egemen.kz

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →