Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты

    Заттыбек Көпбосынов Досымжан Таңатаровтың әнімен трендке қосылды

    Заттыбек Көпбосынов Досымжан Таңатаровтың әнімен жаңа трендке қосылды. Назарбаевтың видеосына пародиялар жасалып, желіде қызу талқылануда.

    Заттыбек Көпбосынов Досымжан Таңатаровтың әнімен трендке қосылды

    Сурет: kznews.kz

    Әйгілі әнші Заттыбек Көпбосынов әлеуметтік желіде танымал боп кеткен жаңа трендке ілесіп, әріптесі Досымжан Таңатаровтың ән айтып жатқан бейнежазбасын жариялады, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Бейнежазбаға қалдырған түсініктемесінде өнер иесі: «Жүгірген соң, осылай жанды дауыста ән айтқызып жүгіру керек қой!» – деп әзілдеген.

    Аталмыш тренд Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жағажайда жүгіріп келе жатқан ескі видеосына жасалған пародиялардан кейін кең тарады. Желі қолданушылары дәл сол көріністі қайталап, түрлі әзіл-оспақ видеолар түсіріп жүр.

    Алайда көпшілік Назарбаев бейнеленген түпнұсқа видеоның қай жерде түсірілгенін біле бермейді. Блогер Февралев кадрдағы табиғи нысандар мен ғимараттарды салыстырып, видео Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласындағы әйгілі Копакабана жағажайында түсірілген деген болжам айтты. Ол бұған дәлел ретінде экс-президенттің артқы жағынан көрінетін төбелер мен жағалау бойындағы ғимараттарға назар аударған.

    Бұл мәлімет желі қолданушылары арасында қызу талқыланды. Кейбірі видеоны бұған дейін Түркияда түсірілген деп ойлағанын жазса, енді біреулер қазақстандықтар трендті дәл қайталау үшін Бразилияға баруы мүмкін деп әзілдеді.

    Осылайша Назарбаевтың бірнеше жыл бұрын түсірілген видеосы әлеуметтік желіде қайта тарап, отандық жұлдыздар мен блогерлер арасында жаңа трендке айналды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →