Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 3 тамыз 2026 $ 474,2 546,9 5,98
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Роза Әліқожа ажырасқан әйел туралы жазбасымен көпшілік назарын аударды Димаш «Ақерке» бейнебаянына қатысты пікірталасқа жауап берді Батыс Қазақстанда Индербор – Орал теміржол желісінің жобасы қарастырылды Тамада Сабыржан Түзелбаев той үстінде вейп тартып, желіні дүрліктірді Перудағы Наска геоглифтерінің жанында ұшақ құлап, 13 адам қаза тапты Ыстық күндері шөлді басатын ең пайдалы сусын — қарапайым су Роза Әліқожа ажырасқан әйел туралы жазбасымен көпшілік назарын аударды Димаш «Ақерке» бейнебаянына қатысты пікірталасқа жауап берді Батыс Қазақстанда Индербор – Орал теміржол желісінің жобасы қарастырылды Тамада Сабыржан Түзелбаев той үстінде вейп тартып, желіні дүрліктірді Перудағы Наска геоглифтерінің жанында ұшақ құлап, 13 адам қаза тапты Ыстық күндері шөлді басатын ең пайдалы сусын — қарапайым су

    Димаш «Ақерке» бейнебаянына қатысты пікірталасқа жауап берді

    Димаш Құдайберген «Ақерке» әнінің бейнебаянынан кейін туындаған пікірталасқа жауап берді. Әнші қолдаушылар мен сыншыларға алғыс айтып, шығармашылық ұстанымын түсіндірді.

    Димаш «Ақерке» бейнебаянына қатысты пікірталасқа жауап берді

    Сурет: sn.kz

    31 шілде күні жарыққа шыққан «Ақерке» әнінің бейнебаяны әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті. Осыған орай қазақстандық танымал әнші Димаш Құдайберген жаңа туындыға байланысты пікірталасқа арнайы жауап берді, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Жаңа бейнебаянды жанкүйерлердің басым бөлігі жоғары бағалады. Алайда кейбір желі қолданушылары әншіні сынға алды.

    Сын пікірлерінде Димаштың «жақсы продюсері жоқ» екені, жеке репертуарының аздығы, сондай-ақ опералық және классикалық вокалды шамадан тыс пайдаланатыны айтылды.

    Бұған жауап ретінде өнер иесі Instagram-парақшасында видеоүндеу жариялады. Ол өзін қолдағандарға да, сын айтқандарға да алғыс білдіріп, шығармашылық ұстанымын түсіндірді.

    Димаштың айтуынша, жаңа өңдеуде орындалған «Ақерке» халық әні қазақ мәдениеті мен әлемдік аудитория арасындағы көпір болуды мақсат еткен.

    «Жаңа ғана жарық көрген «Ақерке» әнінің бейнебаянына қалдырған пікірлеріңіздің барлығын мұқият оқып шықтым. Қолдау көрсеткендеріңізге де, шынайы ниетпен айтқан сындарыңызға да алғыс айтамын. Бұл жұмыс мен үшін ерекше мәнге ие. Мен заманауи музыкалық стильдердің элементтері үйлескен бағытты әдейі таңдадым. Менің мақсатым халық әнін өзгерту болған жоқ. Керісінше, оны заманауи нақышта орындап, әртүрлі елдердегі тыңдармандарыма жақын әрі түсінікті еткім келді», – деді өнер иесі.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →