«Мынау басқа шықты ғой»: Асаба Сабыржан тағы да қатаң сынға қалды
Фото: Видеодан скрин
Әлеуметтік желіде кезекті тойда түсірілген даулы видео тарап, көпшіліктің ашу-ызасын тудырды. Бейнежазбада Сабыржан Түзелбаев асабаның шектен шыққан бейәдеп әрекеті көрсетілген, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.
Тараған кадрлардан тамаданың бейқам күйде жас жұбайлардың үстеліне жайғасып алып, электронды темекі (вейп) шегіп отырғанын көруге болады. Тойдың көркі мен сәнін келтірудің орнына, ортаны сасытып, салтанатты сәттің шырқын бұзған асабаның бұл қылығы желі қолданушыларының ашуын келтірді.
Видеоның астында пікір қалдырған жұрт тамаданың мәдениетсіздігін жерден алып, жерге салды.
«Масқара», «Мынау мүлде басқа шықты ғой, жастардың есте қалар күнін быт-шытын шығарды!», «Бұған қашан айыппұл салынады? Қоғамдық орында, іс-шарада мұнысы несі?»,– деп жазды көпшілік.
Айта кету керек, бұл тамаданың төңірегіндегі алғашқы дау емес. Бұған дейін де ол өзінің ерсі, әдепсіз әзілдерімен және шектен шыққан қылықтарымен елдің сынына ұшыраған болатын.Дегенмен, бұл жолғы бейәдеп әрекеті көпшіліктің шыдамын тауысқан сияқты. Енді желі қолданушылары бұзақылық жасаған асабаның жауапкершілікке тартылуын талап етіп жатыр.
