2026-2027 оқу жылының мерзімдері мен демалыс кестесі бекітілді
2026-2027 оқу жылының басталу және аяқталу мерзімдері, тоқсандар мен демалыс күндері туралы толық ақпарат.
Сурет: tizgin.kz
2026-2027 оқу жылы 1 қыркүйекте басталып, 2027 жылғы 25 мамырда аяқталады. Бұл мерзімдерді Оқу-ағарту министрлігі бекітті, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.
Министрліктің мәліметінше, оқу жылы төрт тоқсаннан тұрады. Бірінші тоқсан 8 оқу аптасына созылады, ал күзгі демалыс 2026 жылғы 26 қазан мен 1 қараша аралығында 7 күнге жоспарланған.
Екінші тоқсан да 8 аптаны құрайды. Қысқы демалыс 14 күнге созылып, 2026 жылғы 28 желтоқсан мен 2027 жылғы 10 қаңтар аралығында өтеді. Бірінші сынып оқушыларына 2027 жылғы 8-14 ақпан аралығында 7 күндік қосымша демалыс беріледі.
Үшінші тоқсан 10 оқу аптасын қамтиды. Көктемгі демалыс 2027 жылғы 22-28 наурыз аралығында 7 күн болады. Төртінші тоқсан 8 аптаға созылып, 25 мамырда аяқталады.
Еске сала кетейік, бұған дейін жаңа оқу жылында мектеп бағдарламалары қайта қаралатыны айтылған еді.
