Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 13 қараша 2026 $ 446,3↑€ 498,2↑₽ 5,36↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Рыбакинаны алмастырған украиналық теннисші WTA қорытынды турнирінде барлық матчын ұтылды • Қазақстан шахматшылары Азия ұлттары кубогінде БАӘ-нің бірінші құрамасын 3,5:0,5 есебімен жеңді • Жанар Дұғалованың тойдағы биі әлеуметтік желіде талқыланып жатыр • Мақпал Жүнісова марқұм жұбайы Заманбек Нұрқаділовті еске алды • Қазақстандық шахматшылар әлем чемпионатында алтын және күміс жүлде алды • Дариға Бадықова жұбайы Олжас Абай туралы жылы сөз айтты • Рыбакинаны алмастырған украиналық теннисші WTA қорытынды турнирінде барлық матчын ұтылды • Қазақстан шахматшылары Азия ұлттары кубогінде БАӘ-нің бірінші құрамасын 3,5:0,5 есебімен жеңді • Жанар Дұғалованың тойдағы биі әлеуметтік желіде талқыланып жатыр • Мақпал Жүнісова марқұм жұбайы Заманбек Нұрқаділовті еске алды • Қазақстандық шахматшылар әлем чемпионатында алтын және күміс жүлде алды • Дариға Бадықова жұбайы Олжас Абай туралы жылы сөз айтты •

    Орал орман шаруашылығындағы өртті сөндіру жалғасуда

    Орал орман шаруашылығында шыққан өртті сөндіруге 80-ге жуық адам, 10 техника және 2 тікұшақ жұмылдырылды. Авиация 68 тонна су шашты.

    Орал орман шаруашылығындағы өртті сөндіру жалғасуда

    Сурет: ulysmedia.kz

    Орал орман шаруашылығы аумағында өрт шықты. Бұл туралы ҚР экология және табиғи ресурстар министрлігіне қарасты мекеме хабарлады. Өртті сөндіруге ТЖМ, ЭТРМ орман шаруашылығы комитетінің күштері мен құралдары, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар жұмылдырылды. Әуеден ТЖМ-нің «Қазавиақұтқару» АҚ және «Қазавиаорманқорғау» РМҚК тікұшақтары тартылды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    ТЖМ мәліметінше, өртті сөндіруге желдің екпінділігі кедергі келтіруде. Осыған қарамастан, бөлімшелер өртті оқшаулау және жою жұмыстарын жалғастыруда. Барлығы өртті жоюға 80-ге жуық адам, 10 бірлік жерүсті техникасы және 2 тікұшақ жұмылдырылды. Авиация 46 рет су шашып, жалпы көлемі 68 тонна су жұмсады. Өртті жою жұмыстары әлі де жалғасуда.

    Бұған дейін бір тәулік ішінде Қазақстанның мемлекеттік орман қоры жерінде үш орман өрті тіркелген болатын.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →