Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 27 шілде 2026 $ 474,7 539,9 6,07
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Алғабастағы апат: Асфальт астымен су ағып, жол опырылып түсуге сәл-ақ қалды «Футбол бизнестің құралы»: Ермұхамед Мәулен ащы шындықты айтты (ВИДЕО) «Баянның түсінігі мол»: экс-әйелімен татуласқан Тұрсын Алагөзов екі отбасымен бірге демалып жүр (ВИДЕО) Ағашқа соғылып, тірідей жанып кеткен адамдардың бәрі жасөспірімдер болып шықты (ФОТО) Эльбрус тауында 6 альпинист көз жұмды «Күйеуімсіз қыздармен де қыдырып көрмегем»: Жазира Байырбекова жеке өмірі туралы айтты Алғабастағы апат: Асфальт астымен су ағып, жол опырылып түсуге сәл-ақ қалды «Футбол бизнестің құралы»: Ермұхамед Мәулен ащы шындықты айтты (ВИДЕО) «Баянның түсінігі мол»: экс-әйелімен татуласқан Тұрсын Алагөзов екі отбасымен бірге демалып жүр (ВИДЕО) Ағашқа соғылып, тірідей жанып кеткен адамдардың бәрі жасөспірімдер болып шықты (ФОТО) Эльбрус тауында 6 альпинист көз жұмды «Күйеуімсіз қыздармен де қыдырып көрмегем»: Жазира Байырбекова жеке өмірі туралы айтты

    «Футбол бизнестің құралы»: Ермұхамед Мәулен ащы шындықты айтты (ВИДЕО)

    «Футбол бизнестің құралы»: Ермұхамед Мәулен ащы шындықты айтты (ВИДЕО)

    Фото: видеодан скрин

    Белгілі спорт сарапшысы, журналист  Ермұхамед Мәулен Астана футбол командасын сынға алды. Оның сөзінше, команданың деңгейі де, қаржылық жағдайы да жақсы емес, деп жазады Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    Спорт сарапшысы футбол командасының экономикалық ахуалы тым нашар екенін QasqaJol ютуб арнасына берген сұхбатында айтып, сынға алды.

    «Биыл премьер лигада Астана жоқ. Ол қайда,  Астана командасына не болды? Енді кейбір деректерде 6 млрд, біреулер 4 млрд қарызы бар дейді. Масқара нәрсе», — деді ол.

    Футбол клубтары мемлекетке міндетсініп, ақша талап етпей,  табысты өздері табу керек. Алайда Қазақстанның көптеген командалары клубтың шығындарын  мемлекетке артып қойған.

    «Қазіргі заманда футбол клубтары бизнестің құралы, олар ақша табады. Мысалы,  Европада командалар қомақты ақша, табыс  табады, футбол спорт қана емес, бизнестің көзі. Ең құрығанда командалар өз-өзін ақтап тұру керек қой. Неге аты дүркіреп тұрған клуб қарызға бата береді? Ол жерде шығындарды есептеу керек. Туризм және спорт  министрлігі ақша бөледі ғой. Солар мақсат, талап қою керек қой. Ербол Мырзабосынов жауап берсін, қайда кетіп жатыр мемлекеттің қазынасынан бөлінген ақша? Бірақ оның  сұрауы жоқ»,  — деді Ермұхамед Мәулен.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →