Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 25 шілде 2026 $ 466,9 531,2 5,96
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Ақмола облысында 18 жастағы жігіт токқа түсіп қаза тапты «Әңгімеңізге аңқау әйелдерді байлап»: Бақыт Тұрман танымал коучты қатаң сынға алды Түркістан облысында мүмкіндігі шектеулі ер адам өз анасын пышақтап өлтірген Қасым-Жомарт Тоқаев Омбыда өтетін Қазақстан-Ресей форумына қатысады «Үйде анасы болған»: Астанада 7 жастағы бала терезеден құлап қайтыс болды Вена маңындағы шлюзге круиздік лайнер соғылып, 14 адам жарақат алды Ақмола облысында 18 жастағы жігіт токқа түсіп қаза тапты «Әңгімеңізге аңқау әйелдерді байлап»: Бақыт Тұрман танымал коучты қатаң сынға алды Түркістан облысында мүмкіндігі шектеулі ер адам өз анасын пышақтап өлтірген Қасым-Жомарт Тоқаев Омбыда өтетін Қазақстан-Ресей форумына қатысады «Үйде анасы болған»: Астанада 7 жастағы бала терезеден құлап қайтыс болды Вена маңындағы шлюзге круиздік лайнер соғылып, 14 адам жарақат алды

    «Әңгімеңізге аңқау әйелдерді байлап»: Бақыт Тұрман танымал коучты қатаң сынға алды

    «Әңгімеңізге аңқау әйелдерді байлап»: Бақыт Тұрман танымал коучты қатаң сынға алды

    Коллаж: qazaqtoday.info

    Танымал әзілкеш Қайрат Әділгерейдің әйелі Бақыт Тұрман белгілі коуч Айнұр Бектұрғанды қатаң сынға алды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    Көпшілікке ақыл-кеңесін айтып  жүрген Айнұр Бектұрған “шынар ағаш”  сотуарын сатумен айналыса бастады. “Бір сотуарға барлық ананың махаббатын сыйғыздық” деген коучтың бұл әрекеті әнші Бақыт Тұрманға жақпай қалды.

    ”Сізді осыған дейін тыңдап, ойларыңызға тәнті болып жүр едім. Әйтеуір халықтың қалтасына түспей, “тегін ақыл айтатын адам табылды ау” деп. Бірақ жұрттың қызығушылығын әдейі оятып, әңгімеңізге аңқау әйелдерді байлап алып, сонша ақшаға тренинг өткізіп енді мынау Айнұр Тұрсынбаева, Ерке Есмахан сынды мәнсіз әшекейлерді удай қымбат ақшаға сатуыңыз дұрыс болмады. Тағы бір лохотрон өкінішке орай, тағы бір аңқау халықтың кіршіксіз көңілін жаулаған, жалған үміт таққан, қиындығына қиындық қосқан әрекет. Жағдайыңыз жаман емес сияқты түр-келбетіңізге қарасам. Соншалықты ақыл болса, жеткізгіңіз келсе тегін-ақ істесеңізші. Сол сіздің әкеңізден қалған ақылды пайдаға жаратып, Алла разылығы үшін жасаған әрекетіңіз болсын”, — деп пікір білдірді Бақыт Тұрман.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →