Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 30 қазан 2026 $ 455,3↓€ 507,3↓₽ 5,66↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Анкарада Түркі мемлекеттері ұйымының президенттері концертке қатысты • Кинодағы зұлымдар неге iPhone ұстамайды? • Блогерлер Карина Оксукпаева мен Арман Юсупов Алматыдағы таунхаусын 224 миллион теңгеге сатпақ • Қарағанды академиясының курсанты кәсіпқой бокс рейтингінде үздік ондыққа енді • Талғат Орынбасар Абу-Дабидегі Grand Slam турнирінде қола жүлде алды • Алтын Шағаева әлем чемпионатының финалына шыға алмады • Анкарада Түркі мемлекеттері ұйымының президенттері концертке қатысты • Кинодағы зұлымдар неге iPhone ұстамайды? • Блогерлер Карина Оксукпаева мен Арман Юсупов Алматыдағы таунхаусын 224 миллион теңгеге сатпақ • Қарағанды академиясының курсанты кәсіпқой бокс рейтингінде үздік ондыққа енді • Талғат Орынбасар Абу-Дабидегі Grand Slam турнирінде қола жүлде алды • Алтын Шағаева әлем чемпионатының финалына шыға алмады •

    АҚШ Ирандағы басқару бекеттері мен әскери нысандарды осымен екінші апта бомбалап жатыр

    АҚШ Ирандағы басқару бекеттері мен әскери нысандарды осымен екінші апта бомбалап жатыр

    АҚШ Қарулы күштері Иран аумағына соққы жасауды 13-ші түн қатарынан жалғастырып жатыр. Бұл туралы АҚШ Қарулы күштерінің Орталық қолбасшылығы (CENTCOM) мәлімдеді, деп хабарлайды ТАСС.

    Орталық қолбасшылықтың мәліметінше, америкалық әскери күштер Иран аумағына кезекті соққыларын аяқтаған.

    CENTCOM хабарлауынша, шабуылдың негізгі нысаналары басқару бекеттері, ұшқышсыз ұшу аппараттары сақталған орындар, жағалаудағы бақылау бекеттері, сондай-ақ Иранның әскери-теңіз күштеріне тиесілі нысандар мен әскери құралдар болған.

    Бұған дейін Иран төңірегіндегі әскери ахуалдың соққылардың жалғасуы, өзара қоқан-лоққылар және АҚШ әскери операциясының кеңеюі мүмкін екені туралы хабарламалар аясында одан әрі шиеленісіп келе жатқаны хабарланған.

    Иран билігі АҚШ-тың әскери базалары орналасқан көрші елдерге соққы жасауда.

    Фото: x.com/@CENTCOM

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →