Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 26 қазан 2026 $ 452,2↓€ 506,6↓₽ 5,63↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Астанада полицей басынан жарақат алған азаматты ауруханаға жедел жеткізуге көмектесті • Жұмыссыз қалғандарға көмек: 2027 жылдан төлем мерзімі қысқарады • Атырауда Республика күніне орай Мемлекеттік ту көтерілді • Қарағанды облысында жүк көлігі жолаушылар пойызымен соқтығысты • Әлем көшбасшылары Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан Республикасының күнімен құттықтады • Қазақстанда Қазақстан есімді 28 адам тұрады – Ұлттық статистика бюросы • Астанада полицей басынан жарақат алған азаматты ауруханаға жедел жеткізуге көмектесті • Жұмыссыз қалғандарға көмек: 2027 жылдан төлем мерзімі қысқарады • Атырауда Республика күніне орай Мемлекеттік ту көтерілді • Қарағанды облысында жүк көлігі жолаушылар пойызымен соқтығысты • Әлем көшбасшылары Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан Республикасының күнімен құттықтады • Қазақстанда Қазақстан есімді 28 адам тұрады – Ұлттық статистика бюросы •

    Жасұлан Базарбаев қыз туған аналарды кінәлауды доғаруға шақырды

    Әнші Жасұлан Базарбаев әлеуметтік желідегі пікірлерге жауап беріп, қыз немесе ұл туғаны үшін аналарды кінәлауға болмайтынын айтты.

    Жасұлан Базарбаев қыз туған аналарды кінәлауды доғаруға шақырды

    Сурет: sn.kz

    Әнші Жасұлан Базарбаев әлеуметтік желіде қыз бала дүниеге әкелген аналарды кінәлайтын пікірлерге қатысты үн қатты. Ол желіден «Қыз туатын қатын менде ғана ма?» деген пікірді көріп, бұл мәселеге тоқталуды жөн санаған, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    «Ана болу – оңай емес. Әйел адам тоғыз ай сәби көтеріп, өмір мен өлімнің арасында жүріп дүниеге бала әкеледі. Сондай жанға ұл не қыз туғаны үшін кінә арту – адамдыққа да, иманға да сыймайды», – деп жазды Жасұлан Базарбаев.

    Өнер иесі баланың ұл немесе қыз болып дүниеге келуін адамның емес, Алланың қалауымен болатын іс екенін атап өтіп, «Қыз бергеніне де сансыз шүкір, ұл бергеніне де сансыз шүкір. Жақсылықты ұлдан көресің немесе қыздан көресің деп ешкім кесіп айта алмайды. Оны бір Алла ғана біледі», – деді.

    Сондай-ақ ол әр баланың отбасындағы орны ерекше екенін айтып, ұл мен қызды бір-бірінен артық көруге болмайтынын жеткізді. «Сондықтан әйелді кінәлауды доғарайық. Баланың жынысына бола ана жүрегін жараламаңыздар. Ең үлкен байлық – тәрбиелі, иманды, аман-есен перзент. Ұл болсын, қыз болсын… Аман болсын!», – деп түйіндеді ол.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →