Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 2 қазан 2026 $ 440,3↑€ 498,3↓₽ 5,28↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Ақтауда жалған анықтама берген медицина қызметкері мен рулдегі әйелдің үстінен қылмыстық іс қозғалды • Алматыда қызметін асыра пайдаланған жеке сот орындаушысы сотталды • «Аурумен төрт жыл күрескен»: танымал тележүргізуші қайтыс болды • «Көзін көрмесем де, тағзым етемін»: Тамара Асар марқұм енесі туралы айтты • Семейде «Сергек» 123 мыңнан астам жол ережесін бұзу дерегін тіркеді • «Ұстаздар күніне арналған сыйлықтар: Бас прокуратура алаяқтардан сақ болуға шақырады  • Ақтауда жалған анықтама берген медицина қызметкері мен рулдегі әйелдің үстінен қылмыстық іс қозғалды • Алматыда қызметін асыра пайдаланған жеке сот орындаушысы сотталды • «Аурумен төрт жыл күрескен»: танымал тележүргізуші қайтыс болды • «Көзін көрмесем де, тағзым етемін»: Тамара Асар марқұм енесі туралы айтты • Семейде «Сергек» 123 мыңнан астам жол ережесін бұзу дерегін тіркеді • «Ұстаздар күніне арналған сыйлықтар: Бас прокуратура алаяқтардан сақ болуға шақырады  •

    Ұйғыр ауданында ұлтаралық мәселе жоқ — Сұлтанғазиев

    Ұйғыр ауданының атын өзгерту күн тәртібінде тұрған жоқ. Ауданның атауына қатысты шешімді жергілікті ономастикалық  комиссия қарайды. Алматы облысының әкімі  ол жақтағы мәдениет пен білім саласын көтеруге көбірек көңіл бөлінетінін айтты. Өңір басшысы  облыс орталығындағы казиноларды көшіруге де тоқталды, деп хабарлайды Qazaq.today.


    «Қазір казиноларды ойын-сауық орны ретінде абаттандырыңдар деп жатырмыз. Оларды  сауда орталықтарына айналдыруға болады. Казино мен демалыс орнын бөліп жасауға болады. Облыстағы  жеті мыңға жуық адам казиноларда жұмыс істейді. Жыл сайын жергілікті бюджетке 80-90 миллиард теңге салық төлейді»,- деді облыс әкімі.


    Оның сөзінше,  казинолар басқа жаққа көшірілмейді. Ал Ұйғыр ауданының атауын жоғарыдағы билік емес, жергілікті комиссия қарайды.


    «Ономастикалық комиссияарқылы шешіледі. Жоғарыдан саяси шешімнің қажеті жоқ. Этносаралық проблема жоқ. Ұйғыр ауданында білімге,мәдениетке көбірек көңіл бөліп жатырмыз. Ауданның келбетін,халықтың әлеуметтік жағдайын көтеруге жұмыс істейміз. Оның атауын өзгертудің өз тәртібі бар. Жергілікті халық ұсыныс береді,комиссия қарайды»,- деді Марат Сұлтанғазиев.

     

    Qazaq.today 

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →