Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 4 қыркүйек 2026 $ 455,1 527,8 5,21
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Астанада саяхатшының велосипеді жоғалды деген ақпарат расталмады Қырық үш мақсат және он мектеп: жасанды интеллект қазақстандық сыныпқа қалай кірді және одан не күтуге болады? Атырауда Қызыл кітапқа енген лотостың жаңа алқабы пайда болды Қазақстан мен Лаос президенттерінің кездесуіндегі уағдаластықтар талқыланды Қазақстан қор биржасында доллар бағамы 455,86 теңгеге жетті Астанада зәулім үй өртке оранды (ВИДЕО) Астанада саяхатшының велосипеді жоғалды деген ақпарат расталмады Қырық үш мақсат және он мектеп: жасанды интеллект қазақстандық сыныпқа қалай кірді және одан не күтуге болады? Атырауда Қызыл кітапқа енген лотостың жаңа алқабы пайда болды Қазақстан мен Лаос президенттерінің кездесуіндегі уағдаластықтар талқыланды Қазақстан қор биржасында доллар бағамы 455,86 теңгеге жетті Астанада зәулім үй өртке оранды (ВИДЕО)

    5 көлікті соғып, қашып кеткен Астана тұрғыны 30 тәулікке қамалды

    5 көлікті соғып, қашып кеткен Астана тұрғыны 30 тәулікке қамалды

    Фото: видео скриншот

    Астанада бес көлікті соғып, қашып кеткен ер адам 30 тәулікке қамауға алынды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    Белгілі болғандай, 4 шілдеде сағат 02:50 шамасында Астана қаласында Тілендиев көшесі, №36 үйдің қарсысында жүргізуші куәлігі жоқ ер адам «ГАЗель» маркалы автокөлігімен жол жиегінде тұрған бес автокөлікті соққан.

    Жол-көлік оқиғасынан кейін ер адам оқиға орнынан бой тасалап кеткен. Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері құқық бұзушыны қысқа мерзім ішінде анықтап, ұстады. Сот шешімімен құқық бұзушыға қатысты 30 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу түріндегі әкімшілік жаза қолданылды, — деп хабарлады Астана қаласының ПД баспасөз қызметі.

    Полиция департаменті көлік құралын басқару құқығы жоқ адамдардың көлік басқаруы, сондай-ақ жол-көлік оқиғасы болған жерден кетіп қалу заңнаманың өрескел бұзушылығы болып табылатынын және заңда көзделген жауапкершілікке әкеп соғатынын еске салады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →