Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 1 қараша 2026 $ 453,6↑€ 506,3↓₽ 5,62↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    1 қарашадан бастап Қазақстанда не өзгереді: QazETA, сайлау, ипотека • Асыл Айтақын әлем чемпионатын бесінші орынмен аяқтады • Сенегалда IV жазғы жасөспірімдер Олимпиадасы ашылды, Қазақстан 18 спортшымен қатысады • Тоқаев Алжир президентіне Революция күнімен құттықтау жеделхатын жолдады • Данияр Елеусінов Шохжахон Эргашевпен жекпе-жекке шығуға дайын, бірақ гонорар талап етті • Сенегалда юношелік Олимпиада басталды: Қазақстанды 18 спортшы қорғайды • 1 қарашадан бастап Қазақстанда не өзгереді: QazETA, сайлау, ипотека • Асыл Айтақын әлем чемпионатын бесінші орынмен аяқтады • Сенегалда IV жазғы жасөспірімдер Олимпиадасы ашылды, Қазақстан 18 спортшымен қатысады • Тоқаев Алжир президентіне Революция күнімен құттықтау жеделхатын жолдады • Данияр Елеусінов Шохжахон Эргашевпен жекпе-жекке шығуға дайын, бірақ гонорар талап етті • Сенегалда юношелік Олимпиада басталды: Қазақстанды 18 спортшы қорғайды •

    «Қайтадан ота жасау керек»: Гүлзира Айдарбекова оқырмандарын алаңдатып қойды

    «Қайтадан ота жасау керек»: Гүлзира Айдарбекова оқырмандарын алаңдатып қойды
    Фото: instagram.com/gulziraaidarbekova

    Продюсер әлеуметтік желідегі парақшасында денсаулығына байланысты қайта ота жасау қажет болуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    Оның сөзінше, бұған дейін Қырғызстанға барып, өтіндегі тасты алдырғанымен, кейін дәрігерлер өт қабының толыққанды жұмыс істемей тұрғанын анықтаған.

    «Қырғызстанға барып, тасын алдық деп қуанып жүргенімде, дәрігерлер өт мүлде жұмыс істемей тұрғанын айтты. Сондықтан Қырғызстанға бармай-ақ, Қазақстанда өтті толық алдырған дұрыс екен. Енді қайтадан ота жасауға тура келеді», – деп жазды ол.

    Сондай-ақ продюсер соңғы уақытта ағасының сырқаттанып қалғанына қатты алаңдағанын да жасырмады. Оның айтуынша, жақынының жағдайы біршама жақсарған.

    «Ағамның беті бері қарады. Өзім де уайымдап, мазам қашып жүрген еді. Аллаға шүкір, енді шаруаларыммен Шымкентке жолға шықтым. Алла баршаңызға, бауырларыңызға және отбасыларыңызға амандық берсін», – деді ол.

    Желі қолданушылары пікір қалдырып, продюсерге қолдау білдіріп, тезірек сауығып кетуіне тілектестік танытты.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →