Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 4 қыркүйек 2026 $ 455,1 527,8 5,21
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Астанада саяхатшының велосипеді жоғалды деген ақпарат расталмады Қырық үш мақсат және он мектеп: жасанды интеллект қазақстандық сыныпқа қалай кірді және одан не күтуге болады? Атырауда Қызыл кітапқа енген лотостың жаңа алқабы пайда болды Қазақстан мен Лаос президенттерінің кездесуіндегі уағдаластықтар талқыланды Қазақстан қор биржасында доллар бағамы 455,86 теңгеге жетті Астанада зәулім үй өртке оранды (ВИДЕО) Астанада саяхатшының велосипеді жоғалды деген ақпарат расталмады Қырық үш мақсат және он мектеп: жасанды интеллект қазақстандық сыныпқа қалай кірді және одан не күтуге болады? Атырауда Қызыл кітапқа енген лотостың жаңа алқабы пайда болды Қазақстан мен Лаос президенттерінің кездесуіндегі уағдаластықтар талқыланды Қазақстан қор биржасында доллар бағамы 455,86 теңгеге жетті Астанада зәулім үй өртке оранды (ВИДЕО)

    Абай облысындағы өрт: полиция балалар лагерінен 190 баланы эвакуациялады

    Абай облысындағы өрт: полиция балалар лагерінен 190 баланы эвакуациялады

    Фото: Абай облысы ПД

    Абай облысында болған табиғи өрт кезінде полиция қызметкерлері өрт қаупі төнген «DosbolLike» балалар лагерінен 190 бала мен 20 қызметкерді қауіпсіз жерге көшірді, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    Абай облысы Полиция департаментінің мәліметінше, өрт туралы хабар түскен сәттен бастап тәртіп сақшылары оқиға орнына жедел жетіп, эвакуациялау жұмыстарын бастаған.

    Полицейлер балаларды дүрбелеңге жол бермей, ұйымдасқан түрде лагерь аумағынан шығарған. Ал ең кішкентай бүлдіршіндерді қолдарына көтеріп, жұбатып, қауіпсіз жерге жеткізген.

    Қазіргі уақытта полиция күшейтілген режимде жұмысын жалғастырып жатыр. Қауіпті аумақ қоршауға алынып, өрт ошағына апаратын жолдар уақытша жабылған. Сонымен қатар өрт сөндіру және арнайы техникалардың кедергісіз қозғалысы қамтамасыз етілуде.

    Ведомствоның мәліметінше, тәртіп сақшылары төтенше қызметтердің колоннасын бастап жүріп, жол қозғалысын реттеп, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етіп, эвакуацияланған тұрғындардың мүлкін күзетіп жатыр.

    Бұл жұмыстар Төтенше жағдайлар министрлігі, Экология және табиғи ресурстар министрлігі, Қорғаныс министрлігі және өзге де қызметтердің қатысуымен тәулік бойы жүргізілуде.

    Бұдан бөлек, өрт қаупіне байланысты Камышенка ауылындағы 20 үйден барлығы 49 тұрғын эвакуацияланған.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →