Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 15 шілде 2026 $ 475,2 541,3 6,20
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • ШҚО тұрғыны кір жуғыш машинаны қарасора өсіруге пайдаланған

    ШҚО тұрғыны кір жуғыш машинаны қарасора өсіруге пайдаланған
    Фото: Pixabay
    Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданында полицейлер есірткі құрамды өсімдіктерді заңсыз өсіру дерегін анықтады. Таврическое ауылындағы жеке тұрғын үйден қолдан ұйымдастырылған есірткі плантациясы табылды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    Тергеу мәліметінше, 41 жастағы ауыл тұрғыны интернет арқылы қарасора тұқымдарын сатып алып, оларды өсірумен айналысқан. Есірткі өсімдіктерін күтіп-баптау үшін ол ескі кір жуғыш машинаны қолдан жасап, шағын жылыжай ретінде пайдаланған.

    «Тінту барысында Шығыс Қазақстан облысы пролиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы мен Ұлан аудандық полиция бөлімінің криминалдық полиция қызметкерлері 34 түп қарасора өсімдігін, есірткі тұтынуға арналған құрылғыны, сондай-ақ гараждан кептірілген есірткі затының ірі көлемін тәркіледі. Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген өсімдіктердің барлығы қарасора (каннабис) болып шыққан. Оның жасыл күйіндегі жалпы салмағы 50,94 граммды, ал кептірілген марихуананың салмағы 16 келіні құрады. Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде». ҚР ІІМ баспасөз қызметі

    Полиция есірткі құрамды өсімдіктерді заңсыз өсіру қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын еске салады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →