Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 1 қараша 2026 $ 453,6↑€ 506,3↓₽ 5,62↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қазақстандық жағажай волейболшылары Дакардағы жасөспірімдер Олимпиадасында екінші жеңіске жетті • Астанадағы Uly Dala Fest келушілері кезек пен концерттің кешігуіне шағымданды • Софья Самоделкина Гран-при кезеңінде қысқа бағдарламада бесінші орында • Beeline интернетінің сапасына қатысты халық наразылығы күшейді • 1 қарашадан бастап Қазақстанда не өзгереді: QazETA, сайлау, ипотека • Асыл Айтақын әлем чемпионатын бесінші орынмен аяқтады • Қазақстандық жағажай волейболшылары Дакардағы жасөспірімдер Олимпиадасында екінші жеңіске жетті • Астанадағы Uly Dala Fest келушілері кезек пен концерттің кешігуіне шағымданды • Софья Самоделкина Гран-при кезеңінде қысқа бағдарламада бесінші орында • Beeline интернетінің сапасына қатысты халық наразылығы күшейді • 1 қарашадан бастап Қазақстанда не өзгереді: QazETA, сайлау, ипотека • Асыл Айтақын әлем чемпионатын бесінші орынмен аяқтады •

    Шымкенттегі шу: әйелдер гинекологтың қабылдауын айлап күтуге мәжбүр

    Шымкенттегі шу: әйелдер гинекологтың қабылдауын айлап күтуге мәжбүр

    Шымкент қаласындағы №3 емханаға қаралуға барған келіншектің акушер-гинекологқа жазыла алмай, тауы шағылған бейнежазбасы әлеуметтік желіні шарлап кетті, деп жазады Qazaqtoday.info.

    Емхана тіркеушілерінің «орын жоқ, бәрі толып кеткен» деп бетті қайтаруы — қаладағы ана мен бала денсаулығына жауапты мекемелердің нақты сипатын көрсетіп берді.
    Әйел денсаулығындағы кез келген кінәратты дер кезінде анықтау маңызды екенін біле тұра, науқастарды бір ай бойы сарылтып қою — жергілікті денсаулық сақтау жүйесінің дәрменсіздігі. Қала әкімдігі мен денсаулық сақтау басқармасы миллионды шаһардағы қарапайым аналардың ең базалық медициналық көмекті кедергісіз алуын неге әлі күнге дейін реттей алмай отыр?

    Бұл жерде не маман тапшылығы ушығып тұр, не басшылықтың жұмысты ұйымдастыруға қауқары жетпейді — әкімдік бұл былыққа қатысты халыққа нақты жауап беруі тиіс. Желіде шу тудырған осы мәселенің ақ-қарасы ашылып, жауапты тұлғалардан нақты шешім күтеміз.

    Фото: medelement.com

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →