Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 28 тамыз 2026 $ 461,9 538,0 5,41
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қазақстан еркін күресшілері Еревандағы халықаралық турнирде 6 медаль жеңіп алды Қазақстан СІМ Малайзиядағы «визаран» тәуекелдері туралы ескертті Президент: Талас құрылтайы Алтын Орданың құрылуына себепкер болды Президент Халық Кеңесі жасақталатын мерзімді атады Айбек Дәдебай Құрылтай Төрағасы лауазымына ұсынылды Мемлекет басшысы: Тарихты жалған намыс пен даңғаза мақтан үшін бұрмалау жақсылық әкелмейді Қазақстан еркін күресшілері Еревандағы халықаралық турнирде 6 медаль жеңіп алды Қазақстан СІМ Малайзиядағы «визаран» тәуекелдері туралы ескертті Президент: Талас құрылтайы Алтын Орданың құрылуына себепкер болды Президент Халық Кеңесі жасақталатын мерзімді атады Айбек Дәдебай Құрылтай Төрағасы лауазымына ұсынылды Мемлекет басшысы: Тарихты жалған намыс пен даңғаза мақтан үшін бұрмалау жақсылық әкелмейді

    Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар әміріне көңіл айтты

    Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қатардың бұрынғы әмірі шейх Хамад бен Халифа Әл Тәнидің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты.

    Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар әміріне көңіл айтты

    Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар Мемлекетінің әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәниге көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Жеделхатта Мемлекет басшысы Қатардың бұрынғы әмірі, әмір-әке шейх Хамад бен Халифа Әл Тәнидің қайтыс болғаны туралы хабарды терең күйзеліспен қабылдағанын жеткізді.

    Президент Қатар әмірі мен оның әулетінің, сондай-ақ бүкіл қатарлықтардың қайғысына ортақтасып, көңіл айтты.

    «Шейх Хамад бен Халифа Әл Тәни – Қатардың өсіп-өркендеуіне және халқының баянды болашағын қамтамасыз етуге тарихи үлес қосқан, халықаралық бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайтуға риясыз қызмет еткен біртуар қайраткер. Қазақстандықтар әкеңіз шейх Хамад бен Халифаны парасатты басшы, халықаралық деңгейдегі беделді саясаткер, екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға зор еңбек сіңірген тарихи тұлға ретінде әрдайым есінде сақтайтын болады», – делінген жеделхатта.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →