Негізгі мазмұнға өту
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
Көкшетауда 38 жастағы ер адам суға батып кетті «Тіркелу басталғанда рейс жоқ болып шықты»: SCAT әуе компаниясы Жезқазған бағытындағы ұшақ кенет ұшпай қалды Ақмола облысында көлік суға батып, екі қыз қайтыс болды Тараздық зейнеткерлер мен мүгедектер тегін дәрі үшін сағаттап кезекте тұруға мәжбүр «Өзіңе жасаған қиянат»: Тамара Асар кандидаттыққа ұсынылуы жайында айтты «Қыз зорлау дерегі»: Қайрат Нұртасқа қатысты дауға полиция мәлімдеме жасады Көкшетауда 38 жастағы ер адам суға батып кетті «Тіркелу басталғанда рейс жоқ болып шықты»: SCAT әуе компаниясы Жезқазған бағытындағы ұшақ кенет ұшпай қалды Ақмола облысында көлік суға батып, екі қыз қайтыс болды Тараздық зейнеткерлер мен мүгедектер тегін дәрі үшін сағаттап кезекте тұруға мәжбүр «Өзіңе жасаған қиянат»: Тамара Асар кандидаттыққа ұсынылуы жайында айтты «Қыз зорлау дерегі»: Қайрат Нұртасқа қатысты дауға полиция мәлімдеме жасады

Көкшетауда 38 жастағы ер адам суға батып кетті

Көкшетауда 38 жастағы ер адам суға батып кетті

Фото: ТЖМ

Көкшетауда тыйым салынған жерде суға түскен 38 жастағы ер адам көз жұмды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

Ақмола облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, Көкшетау қаласындағы Қопа көлінде 1988 жылы туған ер адам суға батып кеткен.

Қайғылы оқиға шомылуға тыйым салынған Қопа көлінде болды. Алдын ала мәлімет бойынша, ер адам суға түсер кезде алкогольдік масаң күйде болған, – деді облыстық ТЖД-ның ресми өкілі Ерсайын Қойшыбаев.

Куәгерлердің айтуынша, суға түскен қыз бен ер адам бір мезетте бата бастаған. Жақын маңда болған адамдар қызды құтқарып қалғанымен, ер адамды аман алып қалу мүмкін болмаған.

Ақмола облысының құтқарушылары тұрғындарға шомылуға тыйым салынған орындарда және алкогольдік ішімдік ішкен күйде суға түсудің өмірге қауіпті екенін тағы бір мәрте ескертті.

 

 

Мақаланы бағалаңыз 👇

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы →