Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 17 қазан 2026 $ 452,7↑€ 508,8↑₽ 5,41↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Астанада Республика күніне орай 120-дан астам іс-шара өтеді • Кентауда зауыт сорғы станциясында өрт шығып, толық сөндірілді • Қайрат Нұртас Қызылордадағы концертін 20 қазанға шегерді • Түркі әлемі ғылым академияларының басшылары ҚазҰУ-да бас қосты • «Бёрнли» Сатпаевпен бірге Чемпионшипте «Вулверхэмптонға» есе жіберді • Қостанай облысында мас күйінде көлік басқарған ер адамға 1 жыл 9 ай бас бостандығынан айыру жазасы кесілді • Астанада Республика күніне орай 120-дан астам іс-шара өтеді • Кентауда зауыт сорғы станциясында өрт шығып, толық сөндірілді • Қайрат Нұртас Қызылордадағы концертін 20 қазанға шегерді • Түркі әлемі ғылым академияларының басшылары ҚазҰУ-да бас қосты • «Бёрнли» Сатпаевпен бірге Чемпионшипте «Вулверхэмптонға» есе жіберді • Қостанай облысында мас күйінде көлік басқарған ер адамға 1 жыл 9 ай бас бостандығынан айыру жазасы кесілді •

    Бишимбаев ісі бойынша танымал болған Айжан Аймағанова прокуратурадан кеткенін мәлімдеді

    Бишимбаев ісімен танымал Айжан Аймағанова прокуратурадан кетіп, Құрылтай депутаттығына үміткер атанды. Ол шешімді саналы түрде қабылдағанын айтты.

    Бишимбаев ісі бойынша танымал болған Айжан Аймағанова прокуратурадан кеткенін мәлімдеді

    Фото: пресс-служба Генеральной прокуратуры РК

    Бишимбаев ісіне байланысты көпшілікке белгілі болған Айжан Аймағанова прокуратура органдарындағы қызметімен қош айтысты, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Аймағанова Instagram-дағы жеке парақшасындағы стористе қазақстандықтарға үндеу жасап, оның кандидатурасының бір партиядан Құрылтай депутаттығына ұсынылғанына қатысты ақпаратқа түсінік берді.

    «Мен көп жылдар бойы прокуратура органдарында қызмет еттім. Бұл мен үшін әрқашан заңға, мемлекетке қызмет ету және азаматтардың құқықтарын қорғау болды. Кандидат ретінде ұсынылуыма байланысты мен прокуратурадан кеттім. Бұл – заң талабы, оны мен орындадым. Бұл шешімді саналы түрде қабылдадым. Кәсіби тәжірибем мен білімім заң шығару қызметінде, сондай-ақ азаматтарымызды толғандыратын мәселелерді шешуде пайдалы болуы мүмкін деп сенемін», – деп жазды Аймағанова.

    Бұған дейін Айжан Аймағанова «Әділет» партиясынан Құрылтай депутаттығына үміткерлер тізіміне енгені хабарланған болатын.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →