Негізгі мазмұнға өту
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
Қостанайда пойыз вагонына шығып суретке түспек болған 16 жастағы баланы тоқ соқты «Өмірімдегі ең ауыр күн болды»: Дариға Бадықованың экс-күйеуі қара жамылды «Өз отбасымен бақытты көрінеді»: Тойға келмеген Тұрсынбек Қабатов қыздарымен көзге түсті Алматыда 100 мыңнан астам тұрғын сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілді Көкшетау-Қостанай тасжолының сиқы халықты шаршатты Қасым-Жомарт Тоқаев Моңғолия Президентін ұлттық мерекемен құттықтады Қостанайда пойыз вагонына шығып суретке түспек болған 16 жастағы баланы тоқ соқты «Өмірімдегі ең ауыр күн болды»: Дариға Бадықованың экс-күйеуі қара жамылды «Өз отбасымен бақытты көрінеді»: Тойға келмеген Тұрсынбек Қабатов қыздарымен көзге түсті Алматыда 100 мыңнан астам тұрғын сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілді Көкшетау-Қостанай тасжолының сиқы халықты шаршатты Қасым-Жомарт Тоқаев Моңғолия Президентін ұлттық мерекемен құттықтады

Таразда кесарь тілігі арқылы босанған бес баланың анасы қайтыс болды

Таразда кесарь тілігі арқылы босанған бес баланың анасы қайтыс болды

Фото: Pixabay

Тараз қаласындағы облыстық перинаталдық орталықта кесарь тілігі арқылы босанған 37 жастағы әйел қайтыс болды. Марқұмның туыстары оның өліміне дәрігерлердің салғырттығы себеп болды деп есептейді,  деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

Туыстарының айтуынша, әйел отаға дейін дені сау болған. Алайда операциядан кейін екі күн өткен соң қызуы көтеріліп, жағдайы күрт нашарлаған. Ол он күннен астам жансақтау бөлімінде жатып, есін жимастан көз жұмған.

Марқұмның жақындары қауіпті инфекцияны әйел перзентханада жұқтырғанын алға тартып отыр. Сондай-ақ олар кесарь тілігін жасау үшін ақша талап етілгенін де мәлімдеді. Әйелдің күйеуіне жазып қалдырған хабарламасында өзін басқа ауруханаға ауыстыруды сұрағаны айтылған.

Ал Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқармасы аталған факті бойынша арнайы жұмыс тобы құрылғанын хабарлады. Ведомство мәліметінше, Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті тексеру жүргізіп, қызметтік тергеу басталған. Әйелдің нақты неден қайтыс болғаны сот-медициналық сараптама қорытындысынан кейін белгілі болады.

Марқұмның артында бес баласы қалды. Бұл – биыл Жамбыл облыстық перинаталдық орталығында тіркелген екінші ана өлімі.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы →