«Қызымен жасты бойжеткенді шақырған»: Қайрат Нұртастың басы тағы да дауға қалды
Фото: Instagram.com / kair_n
Әнші Қайрат Нұртас жеңіл жүрісті қызбен байланысып, полициядан бірақ шықты, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
Астанадағы Ritz-Carlton қонақүйінде 19 жастағы бойжеткен әнші Қайрат Нұртастың үстінен полицияға шағым түсіргені туралы ақпарат тарады.
37 жастағы Қайрат Айдарбековті «ауыр» қылмыс жасады деп айыптаған. Қонақүй бөлмесіндегі жанжалдан кейін қыз әншінің дөрекі әрекеттеріне қарсылық танытып, полиция шақырған. Алайда аудандық басқармаға жеткізілген соң ол барлық шағымынан бас тартқан.
EGOV.PRESS телеграм-арнасының мәліметіне сүйенсек, оқиға 10 шілдеде Астананың Есіл ауданында болған. 2006 жылы туған Оңтүстік Қазақстан тумасы интимдік қызмет көрсету үшін қонақүй нөміріне шақырылғанын жеткізген. Жанжал оның процесті телефонға түсірмек болғанынан басталған көрінеді.
Тараған ақпаратта бойжеткеннің жезөкше ретінде есепте тұрғаны айтылады. Сондай-ақ қызмет үшін 240 мың теңге төленгені көрсетілген.
