Негізгі мазмұнға өту
Today Live
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
Қазақстандық әйел Түркияның Анталья қаласында жол апатынан қаза тапты Тоқаев Ауыл шаруашылығы министрі Сапаровты қабылдап, сала қорытындысын тыңдады Жол емес, батпақ: Арқалық әкімдігі Ашутасты халқын қашанға дейін елеусіз қалдырмақ? Елордада «Әділет» партиясының кезектен тыс III Съезі өз жұмысын бастады 100 млн теңге пара алды деген күдік: ҰҚК Атырау әкімінің орынбасарына қатысты тергеуді растады Боксшы Қанат Ислам жаңа қызметке тағайындалды Қазақстандық әйел Түркияның Анталья қаласында жол апатынан қаза тапты Тоқаев Ауыл шаруашылығы министрі Сапаровты қабылдап, сала қорытындысын тыңдады Жол емес, батпақ: Арқалық әкімдігі Ашутасты халқын қашанға дейін елеусіз қалдырмақ? Елордада «Әділет» партиясының кезектен тыс III Съезі өз жұмысын бастады 100 млн теңге пара алды деген күдік: ҰҚК Атырау әкімінің орынбасарына қатысты тергеуді растады Боксшы Қанат Ислам жаңа қызметке тағайындалды

Тоқаев Ауыл шаруашылығы министрі Сапаровты қабылдап, сала қорытындысын тыңдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровты қабылдап, 2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы агроөнеркәсіп кешенінің даму қорытындысын тыңдады.

Тоқаев Ауыл шаруашылығы министрі Сапаровты қабылдап, сала қорытындысын тыңдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровты қабылдады, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

Мемлекет басшысына 2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы агроөнеркәсіп кешенінің даму қорытындысы туралы есеп берілді. Президентке егістік алқаптарын әртараптандыру, шаруаларға жеңілдетілген несие беру тетігін жетілдіру және ауылшаруашылық техникасы лизингін дамыту жұмыстары туралы мәлімет ұсынылды.

Айдарбек Сапаров агроөнеркәсіп кешеніндегі өңделген өнім көлемін 70 пайызға дейін арттыруға бағытталған шаралардың қолға алынғанын айтты. 2026 жылдың алты айында тағам өнімдерін өндіру 14,7 пайызға ұлғайды. Ауыл шаруашылығының нақты көлем индексі 4,4 пайызға, оның ішінде егін шаруашылығы 7,7 пайызға, мал шаруашылығы 4,4 пайызға өсті.

Министр экспорт көлемі мен шетелге шығарылатын өнім түрлерінің де артып келе жатқанын жеткізді. Биылғы қаңтар-сәуір айларында АӨК өнімдерінің экспорты 3 миллиард долларды құрады, бұл былтырғы сәйкес кезеңдегі 2,2 миллиард доллармен салыстырғанда 36 пайызға артық. Жыл соңына қарай экспорт көлемін 7,2 миллиард долларға дейін ұлғайту жоспарланған.

Сондай-ақ Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында қабылданған Мал шаруашылығын дамыту жөніндегі кешенді жоспардың жүзеге асырылуы туралы ақпарат берілді. Барлық санаттағы шаруашылықтарды қамтитын жеңілдікпен қаржыландыру жүйесі қалыптасты. Қабылданған шаралар мал басын көбейтуді, саланың өнімділігін арттыруды және ет өнімдерінің экспортын ұлғайтуды көздейді. Жайылымдық мал шаруашылығын ілгерілетуге ерекше назар аударылып отыр.

Президент тапсырмасын орындау мақсатында 2030 жылға дейін ветеринарияны дамыту жөніндегі кешенді жоспар бекітілді. Оның аясында ветеринарлық қауіпсіздік жүйесін жетілдіру, саланы қосымша қаржыландыру және нормативтік-құқықтық базаны жаңарту қарастырылған. Агроөнеркәсіп кешенін цифрлық тұрғыдан трансформациялау жалғасуда. «Е-АӨК» бірыңғай цифрлық платформасы базасында мемлекеттік ақпараттық жүйелер мен жаңа цифрлық сервистер біріктіріліп жатыр.

Болжамға сәйкес, жыл соңына дейін ауыл шаруашылығындағы жалпы өнім көлемі 5,9 пайызға артады. Тағам өнімдері өндірісін 9,5 пайызға, сусын өндірісін 10,5 пайызға ұлғайту көзделген. Саладағы негізгі капиталға 2,2 триллион теңге инвестиция салынбақ.

Президент ауыл шаруашылығының тиімділігін арттыру, қосылған құны жоғары өндірісті жандандыру, экспорттық әлеуетті кеңейту және еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін нығайту жөнінде бірқатар тапсырма берді.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы →
Яндекс.Метрика