Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 29 тамыз 2026 $ 463,4 539,7 5,42
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    БАӘ-де қаза тапқан екі қазақ қызының денесі елге жеткізілді «Құлағалы тұр»: Абай облысында тұрғындар қауіпті аялдаманы жөндеуді талап етті «Не пәтер жоқ, не ақша жоқ»: Тұздыбастаудағы «Elite Home» ТК үлескерлері биліктен көмек сұрады Павлодарда алма ағашының түбінен 24 млн теңге табылды «Алтыным, сен ауырмашы»: Жігер Ауыпбаев жас әйелінің сырқаттанып қалғанын айтты Петропавлда кәріз құдығының маңынан әйелдің мәйіті табылды БАӘ-де қаза тапқан екі қазақ қызының денесі елге жеткізілді «Құлағалы тұр»: Абай облысында тұрғындар қауіпті аялдаманы жөндеуді талап етті «Не пәтер жоқ, не ақша жоқ»: Тұздыбастаудағы «Elite Home» ТК үлескерлері биліктен көмек сұрады Павлодарда алма ағашының түбінен 24 млн теңге табылды «Алтыным, сен ауырмашы»: Жігер Ауыпбаев жас әйелінің сырқаттанып қалғанын айтты Петропавлда кәріз құдығының маңынан әйелдің мәйіті табылды

    100 млн теңге пара алды деген күдік: ҰҚК Атырау әкімінің орынбасарына қатысты тергеуді растады

    100 млн теңге пара алды деген күдік: ҰҚК Атырау әкімінің орынбасарына қатысты тергеуді растады

    Фото: gov.kz

    Ұлттық қауіпсіздік комитеті Атырау әкімінің орынбасарына қатысты сотқа дейінгі тергеп тексеру жүріп жатқанын растады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

    Бірнеше күн бұрын әлеуметтік желіде Атырау әкімінің орынбасары Тілек Махуов 100 миллион теңге пара алды деген күдікке ілінгені туралы ақпарат тарады.

    Бұл қомақты қаржы «Атырау қаласының кәріз жүйелерін күрделі жөндеу» жобасына мүдделі компанияның пайдасына өзгерістер енгізуге көмектескені үшін берілген деген мәлімет айтылып жатыр.

    Kazinform тілшісі Ұлттық қауіпсіздік комитетіне ресми сауалхат жолдап, бұл ақпараттың рас-өтірігін сұрап көрді.

    — Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүріп жатқанын хабарлаймыз. Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-тармағына сәйкес жария етуге жатпайды, — деп жауап берді ҚР ҰҚК бөлімше бастығы О.Бектенов.

    Маусым айында ҰҚК Атырау әкімінің орынбасары Мейіржан Мұқасовтың ұсталғанын, оған қатысты тергеу жүріп жатқанын мәлімдеген еді. Дегенмен әкім орынбасары соңғы күндері әкімдіктегі жиындарда төбе көрсетіп жүр.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →